1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №73 (16155) 14 қыркүйек, сәрсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы. Дайындайтын Меруерт Хусаинова
15 қыркүйек 2016
Сыйлағаның – сyйгенiң...

Жас жұбайлардың отау көтеру тойында тiлек айтқан салиқалы бiр жеңгейдiң “Махаббатпен көтерiлген шаңырақ iргесiнiң мықты болуына – ең әуелi сыйластық, одан кейiн – қимастық негiз болады” дегенi бар едi. Ойлап қарасаң, ұнату мен жек көрудiң арасы – қас-қағым сәт. Ал сыйластық – балталасаң да бұзылмайтын ең iзгi, ең ұлы сезiмдердiң бiрi. Жалпы, өмiрде, оның iшiнде отбасылық тiршiлiкте адамдардың бiр-бiрiн сыйлауы дегенiмiз не?

***
Қазақ отбасында ер адам – әуелден-ақ асыраушы, бас ие. Азаматтық тұлғасымен де, қадiр-қасиетiмен де үй iшiндегiлер үшiн ол – асқар тау есебiнде. Ал әйел адам – күйеуiнiң тапқанын ұқсатып, отбасының берекесiн кiргiзетiн ұйытқы. Яғни ерлi-зайыптылардың әрқайсысының өз орны, өз мiндетi бар және бiрiнiң сөзiн бiрi тыңдайды, бiрiнiң     ойына бiрi құлақ асады. Осының өзi – сыйластық, адамның адам­ға құрметi. Осы сезiмнiң бүгiнде азайып бара жатқанына не себеп? Ерлi-зайыптылардың бiр-бiрiнiң сөзiне құлақ асқысы келмейтiнi несi? Көршiсiне немесе әрiптесiне ерекше iзеттi жұ­байлардың бiр-бiрiне қарапайым iлтипат бiлдiруге қабiлет­сiздiгi қалай?
Мамандардың пiкiрiне жү­гiнсек, сыйлау дегенiмiз – басқа бiр адамды өзiнiң барлық болмыс-бiтiмiмен қабылдау, шын мәнiсiнде, қандай болса, оны тап сол күйiнде жақсы көру. Жұ­байы­ның мiнезiн өзiне ұнамды болатындай етiп, “бiраз өзгертуге” тырысатын, оның бетегеден би­iк, жусаннан аласа болғанын қа­лайтын адамның әрекетi күлкiлi. Мұның өзi – екiншi жартысын сыйламағандық және ол ешқашан жақсылыққа апармайды.
Махаббат – екi адамның бiр-бiрiне тартылысы. Құштарлық – адамзат ұрпағын жалғастыратын мәңгiлiк түйсiктiң негiзi. Ал некенiң негiзi – сыйластық. Осы орайда, мейiрiм-шапағаты көңiл күйiне байланысты күйеудi елестетiп көрiңiзшi. Бүгiн оған әйелiнiң киiмi ұнамай қалады, ертең бастығы көңiлiн түсiрiп жiбередi. Сөйтiп, үйде айғай-шу шығарады. Сонда оның махаббаты қайда қалды? Сол сияқты, сезiмi көңiл күйiне тәуелдi әйелдi алып қарайық. Бүгiн күйеуiне көңiлi толмады, өйткенi ойындағыдай жұмысқа тұрмады, көп ақша таппады. Сөйтiп, сүйiктi адамын қорлай бастайды. Махаббат аумалы-төкпелi көңiл күй мен сезiмдердiң ойыншығына айналған мұндай неке ұзаққа бара ма? Некеге мызғымас негiз керек. Ол негiз – өзара сыйластық.
Есiңiзде болсын: Сыйластық қиын мезетте әркiмнiң өз бет-бейнесiн сақтап қалуына мүмкiн­дiк бередi. Ерлi-зайыптылардың тұтас бiр бүтiнге айналуына, бiр-бiрiнiң шамына тиместен, әрқайсысының өзiндiк қа­сиетiн көр­сетуiне көмектеседi. Екi адамның әрқайсысы өзiнше бағалы және қайталанбас. Ең ғажабы, олар – жер бетiндегi бiр-бiрiне ең жақын жандар. Сыйлай бiлу – некедегi үйренуге тұрарлық ең маңызды қасиет.
Өзара сыйластық болған жерде ерлi-зайыптылардың әр­қай­сысы жұбайының қалауына сай, лайық болуға тырысады. Сый­ластық – жұбайлардың бiр-бiрiне ұсына алар ең керемет сыйы. Отбасын сақтап қалатын да сол.
Негiзi, бойжеткендердiң көп­шiлiгi тұрмысқа шығуды “бақыт­қа жетуге талпынудың соңғы нүктесi” деп есептейдi. Әрине, бұл – түбiрiмен қате пiкiр. Себе­бi мiнездердiң шынайы шарпысуы, түсiнбестiк, дау-жанжал, бәрi-бәрi отбасын құрғаннан кейiн ғана басталады және шаңырақ шаттығына сызат түсiретiн де – солар. Сондықтан өзара сыйластық пен сүйiспен­шiлiктi сақтап қалу шын мәнiсiн­де үлкен өнер болып табылады.
Есiңiзде болсын: физика заңдылығының отбасылық өмiр­де пайдасы зор. Яғни қандай әрекеттiң болсын, өзiне пара-пар әрекеттi туғызатынын ұмытпаңыз, өзiңiз не iстесеңiз, күйеуiңiз де соны iстейдi, оған қалай қарасаңыз, ол да сiзге солай қарайды. Егер сүйетiнiңiз рас болса, ашумен болса да, ауыр сөз айтпаңыз, өйткенi сөз сүйектен өтедi.
Әдетте жұрт “махаббат сезi­мi ғашық болудан бастап, сый­лас­тық пен қимастыққа дейiнгi бiрнеше кезеңдердi қамтиды” деседi. Бiрақ бiр-бiрiне өмiр бойы аялай қарап, қол ұстасып өтетiн ерлi-зайыптылар да жоқ емес. Демек, олар – сыйластық сезiмiн бойына терең ұялата бiлген жандар. Бойдағы iзгi сезiмдердi қарабайыр тiрлiктiң қалқасында қалдырып қоймауға сiз де күш салыңыз. Сүйiктiңiздiң көңiлiн аулап, әсерлi демалыстар ұйымдастырыңыз. Жылы сөздер айтып, жүрегiн баураңыз. Өзара қарым-қатынастың бiрсарынды әдетке, күйбең тiрлiкке айналып кетуiне жол бермеңiз.
Отбасындағы сыйластық пен сүйiспеншiлiктi сақтап қалу оңай нәрсе емес. Бiрақ кез келген нәрсенiң ең әуелi өзiңдi қолға алудан басталатынын бiлiп қо­йыңыз. Тапқыр болыңыз, таңғалдыра бiлiңiз, жұбайыңызды ал­ғаш ғашық болған кезiңiздегi­дей жақсы көрiңiз және тап осы адамды сүйiп таңдағаныңызды ұмытпаңыз.
Есiңiзде болсын: махаббатсыз отбасын құру мүмкiн емес. Ал сыйластықсыз неке берiк болмайды. Ал махаббаттары сый­лас­тыққа негiзделген қос жүрекке қорқатын ештеңе жоқ. Олардың отбасылық кемесi кез келген дауылдар мен сынақтарға төтеп бере алады. Өйткенi бiр-бiрiн шексiз сыйлайтындар ғана бiр-бiрiн шынайы сүйе алады.

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті