1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №73 (16155) 14 қыркүйек, сәрсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
15 қыркүйек 2016
Жалаңаштанғанның жазасы ауыр

Қарапайым түсiнiкке салып қарасақ, адам жақсыны да, жаманды да ең әуелi көзбен көредi. Күнәға ең бiрiншi итермелейтiн де – көз. Сондықтан әйелдердiң сырт көздi елiктiрiп, жолдан таюға итермелейтiндей қылықтардан аулақ болуын ескерткен дiнiмiз, оларға бүркенудi бұйырды. Яғни әйел ашық-шашық жүрiп, еркектi қызықтырмауы, көңiлiне құрт түсiрмеуi тиiс. Сайып келгенде, әйел затының пәренжi жамылу, хиджаб кию үрдiсi тап осы мақсаттан туындағаны бүгiнде екiнiң бiрiне аян.

Дiни үгiт-насихаттың құлағымызға сiңiп, көңiлiмiзге қона бастағанынан болар, қазiр мейлi көшеде, мейлi кеңседе болсын, омырауын, арқасын ашып, санын жалтыратып жүретiн қыз-қырқынға жұртшылық шайтан көргендей шошына қарайтын болды. Жалпы, әйел затының жартылай жалаңашта­нуының көзге соншалықты ерсi көрiне­тiндiгi – дiнiмiзге қайшы екендiгi өз алдына, бұл әдеттiң қазақ мәдениетiне мүлде тән еместiгiнен де. “Қызға – қырық үйден, қала бердi, қара күңнен тыйым” деген қағиданы берiк ұстанған халқымыз, қашаннан-ақ әйел затының тәрбиесiне үлкен мән берген. Қыз бала бөрiксiз, тақиясыз, ал әйел адам кимешексiз жүрмеген. Жағасы жинақы, етек-жеңi ұзын көйлек киген.
Сол дәстүрге адалдықтан болар, “Қыз Жiбек” фильмiндегi бiр эпизод кезiнде қатты сынға ұшыраған жоқ па? Яғни Төлеген мен Бекежанның жекпе-жекке бел байлағанын естiген Жiбектiң киiнiп те үлгерместен, жанұшырып жеткен сәтiндегi iшкөйлекпен тұратын тұрысы көп адамның жағасын ұстат­қан. Шетелдiк телеарналардан берiлiп жүрген кинолардағы әдепсiз көрiнiс­тердi, отандық кейбiр телебағдарламалардың жүргiзушiлерi мен қонақтарының келеңсiз киiм киiсiн көрген адам, Қыз Жiбектiң сол тұрысымен жылап көрiсерi күмәнсiз.
Әрине, бәрi адамның өз ой-санасына, тәрбиесiне байланысты. Бiрақ өмiр жалған, өлiм хақ. Демек, әркiм фәни­дегi iс-амалдары үшiн бақи дүниеде жауапты болмақ.
Күләш ЖЕҢIСХАН,
Талғар қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті