1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №73 (16155) 14 қыркүйек, сәрсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
15 қыркүйек 2016
Күмiске жетерi жоқ

Кейде күнделiктi қолданыстағы қасықтар мен шанышқыларды жаңарту керек болады. Ондайда “қандайын алған дұрыс, қай түрi жақсы?” деген сұрақ туындайды.

Әдетте, күмiстен жасалған ыдыстар көптеген артықшылықтар­ға ие болып есептелiнедi. Мұның себебi, олардың антибактериалдық қасиетi зор, сондай-ақ жақсы сақталады және майыспайды. Одан кейiнгi кезекте мельхиор (никель мен мыстың қоспасы) ыдыстар тұрады. Бұл ретте, сапасы бойынша да, сыртқы түр-түсi жөнiнен де тот баспайтын ыдыстар мельхиор заттардан бiрде-бiр қалыспайды, ал, олар құрамында хром бар, тот баспайтын, аса жоғары сапалы болаттан жасалады. Соңғы орында – алюминий ыдыстар.
Айтқандай, күмiс пен мельхиорды ыдыс жуатын машинаға салуға болмайды. Ал болаттан жасалған қасықтар мен шанышқылар (егер саптары пластиктен немесе ағаштан жасалмаған болса) ыдыс жуатын машинада қанша жуылса да ештеңе етпейдi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті