1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №73 (16155) 14 қыркүйек, сәрсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
15 қыркүйек 2016
Арықтықтың астары

Төбесiнен құс ұшырмай, бетiне жел тигiзбей өсiрген ұл-қызының денi сау, ақылы кемел, сымбаты көңiл көншi­терлiктей болғанын қай ата-ана қаламайды дейсiз. Ал, мәпелеп өсiргенiне қарамас­тан, баланың ет алмай, киiмi сөлбiрейiп, арықтығы көзге ұрып тұруы ешкiмдi бей-жай қалдырмаса керек.

Мамандардың айтуынша, арықтық көбiнесе көңiл күйдiң өзгеруiне, жүйкеге әсер ететiн жағдайлардың жиi орын алуына байланысты болып келедi. Осыған орай, егер балаңыз әр нәрсеге алаңдап, байыз таппайтын болса, онда арнайы пси­хиатр­дың кеңесiн тыңдаған артық етпейдi. Баланың бо­йындағы өзгерiстi сынып жетекшiсiмен, өзi жақсы кө­ретiн мұғалiмдердiң көмегi­мен де шешкен қолайлы. Тәбеттiң төмендеуiн тек денсаулықтың төңiрегiнен емес, отбасындағы жағдайдан, баланың қатарластарымен арадағы қатынасынан, бауырларымен тiл табысуынан да iздеңiз. Ең бастысы, тамақ iшпегенi үшiн баланы зеку, жазалау ақылға сыймайды, егер балаңыз қалыпты жағдайда өссiн десеңiз, онда өз бұйрығыңызға бағындыруға аса әуестенбеңiз. Егер бала аз-аздан, бiрақ жиi тамақтануды қаласа, қуана қолдаңыз. Мұндай ас өте сiңiмдi болады. Сондай-ақ көп тамақтан­ғанымен, қуаттылығы төмен тамақтарды жақсы көретiн балалардың да ет алуы баяу. Сонда да болса, тағамның құнарлылығын арттыру мақсатында бала сүйiп жейтiн ас мәзiрiне май, қаймақ қосуға болады. Дегенмен, бұл балаға ұнамаса, оны орынсыз тықпаламаңыз. Өзгерiстi бiрден емес, бiртiндеп жасау керектiгi де есiңiзде болсын. Өйткенi өзiне ұнамайтын тамақтан кейiн бала бiрден тәбетiн төмендетуi мүмкiн.
Ең бастысы, егер балаңыз туылғаннан арық болса, салмақты жасына қарай аздап та болса қосып келе жатса, онда алаңдауға негiз жоқ. Баланың болмысы солай деген сөз. Қандай жағдай болсын дәрiгердiң келiсi­мiнсiз, кеңесiнсiз дәрi беру, өз бетiңiзше ем жасау бала ағзасына зиян. Тәбетi төмендеген балаларды мамандардың қосымша демалдыруға кеңес беретiн кездерi аз емес. Бiрақ артық уақыт, демалыстың болуы бiр баланың денсаулығын қалыпқа кел­тiруге игi ықпал етсе, ендi бiрiне керiсiнше, керi әсерiн тигiзедi. Осыған орай, тiптi демалыстың өзiн баланың жеке қасиеттерiне, денсаулығына, мiнез-құлқына сай белгiлеген дұрыс. Әсiресе, мектеп жасындағы балалар кез келген жаңалықты бiрден қабылдай қоймайды. Сондықтан демалысты басқаша ұйымдастыра бiлу керек. Айталық, кешкi астан кейiн баланың жайлы жағдайда отырып теледидар көруi, музыка, ертегi тыңдауы, кiтап оқуы астың дұрыс қоры­тылуы­на көмектеседi. Осы жайлылық жас ағзаның алаңсыз өсуiне де мол мүмкiндiк бередi. Ал балабақшадағы баланы тамақтан соң бiрден ұйықтатуға тырысыңыз. Оның өзге ештеңе ойламай, ұйқыға бас қоюы үшiн ертегi оқып, бала төсегiнiң жанында бiраз уақытыңызды өткiзуiңiзге тура келедi. Алаңдамаңыз, бұл – уақытша жағдай, бала ағзасын осындай тыныштыққа бiраз үйретiп алсаңыз, сiз аңсаған нәтиже де ұзақ күттiрмейдi.
 
ӨТКIР ҚОСПАЛАР ӨТЕ ЗИЯН
Қытайдың, кәрiстiң ұлттық тағамдары өте ащы болып келедi. Ал ащы тағамдар, әрине, асқазанға зиян.
Тағамдарының ащылығымен танымал Азия елдерiнiң көпшiлiгi асқазан және iшек жолдарының онкологиялық аурулары жөнiнен әлемде бiрiншi орын алады. Дәмдеуiш ретiнде пайдаланылатын өткiр қоспалар асқазан мен асқазан жолдарының шырышты қабатын зақымдап, аталған органдарда жараның пайда болуына себепкер болады.
Әдетте, кейбiр адамдар ащы бұрышты бактерицидтiк қасиетi үшiн жақсы көредi. Бiрақ лимон да тағамды жақсы залалсыздандырады. Микробтардың көбеюiн, сондай-ақ, кәдiмгi тұз да айтарлықтай тоқтата алады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті