1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 89 (16171) 8 қараша, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
8 қараша 2016
Бақытыңды бағала жұбайлық жарасым әлiппесi

Сүйiп қосылған ғашықтардың барлығы бiрдей отбасында бақытты бола бермейдi. Кеше ғана бiрiн-бiрi көрмесе тұра алмай қосылған екi жас бiр-екi жылдан кейiн-ақ “мiнезiмiз жараспады” деп немесе басқа да сылтауларды желеу етiп айырылысып жатады. Мұның себебi неде? Сонда бақытты отбасын құру үшiн махаббаттың аздық еткенi ме?

 Психолог мамандардың айтуынша, жұптық қарым-қатынастардың төрт деңгейi бар. Бiрiншi деңгейi – жаңадан қосылған екi жастың төсектiк қарым-қатынасы. Төсекте тiл табысқан жұптың бақытты отбасын құру мүмкiндiгi де зор болмақ. Екiншi деңгей – ерлi-зайыптылардың мiнез сәй­кестiгi. Онсыз бақытты жұп болу неғайбыл. Болмашы нәрсеге бола ұрсысып, ақыры ажырасуға дейiн баратын – осындай жұп­тар. Үшiншi деңгей – екi адамның әрқайсысының отбасындағы өз орнын, мiндетiн түсiнуi. Мұның да маңызы өте зор. Егер бұл мәселеде де бiр-бiрiне түсiнiс­тiкпен қарамаса, одақтары ұзақ­қа созылмайды. Төртiншi деңгей – екi адамның рухани жақындығы. Екеуiнiң өмiрлiк құндылықтарға деген көзқарастары мен талғамының сәйкес келуi. Айтар әңгiмесi таусылмайтын жұбайлар – ең бақытты жандар.
 
Жаманын жасыр, жақсысын асыр
Үйленгеннен кейiн ерi мен әйелi бiр-бiрiн сынауға, кем­шiлiгiн айтуға даяр тұрады. Әсiресе, әйелдер күйеуiнiң кемшiлiгiн бетiне басуға шебер. Әйел күйеуiнiң кемшiлiгiн бетiне басу арқылы оны түзеймiн немесе өз дегенiме көндiрiп аламын деп ойлайды. Осы жерде ол қателеседi. Кемшiлiгiн бетiне басқан сайын еркек түзелмейдi, қайта әйелiне өшiге түседi. Ол да жарының кемшiлiгiн iздей бас­тайды. Соның кесiрiнен отбасында ұрыс-жанжал шығады. Кикiлжiң болмасын десеңiз, күйеуiңiздiң кемшiлiгiн бетiне баса бермеңiз. Оған ешуақытта өзге бiреудiң күйеуiн үлгi қылмаңыз. Қайта оның жетiстiктерiн, артықшылығын үнемi айтып отырыңыз.
Негiзi, еркектер де өзiн мақтағанды, өзiне жылы сөз айтқанды жақсы көредi. Егер ол балаларға көңiл бөлiп, бiрге ойнап жатса, оның нағыз қамқор әке екенiн айтыңыз. Ал көп ақша тапса, өзiңiздiң оның арқасында керемет өмiр сүрiп жатқаныңыз үшiн алғысыңызды бiлдiрiңiз. Оның айтқан сөздерiн, пiкiрiн құптап отырыңыз. Әзiл әңгiмелер айтса, бiрге күлiңiз. Әдiлдiктi сүйетiн жан болса, сол қасиетi үшiн мақтаңыз. Қандай жағымды қылығы болса, соны көре бiлуге тырысыңыз. Сонда жарыңыз да сiздiң сенiмiңiзден шығуға тырысады. Немiстiң ұлы ақыны Гетенiң: “Егер сiз адаммен оған лайық қарым-қатынаста болсаңыз, ол мәңгi сондай болып қалады. Ал егер одан да жоғары құрмет көрсетсеңiз, ол мiндеттi түрде сол құрметiңiзге лайық тамаша жанға айналады” деген екен.
 
 Жарасымды жанұя бастауы
Бақытты отбасын құру формуласы: махаб­бат+се­нiм+сый­лас­тық
Кейбiр әйелдер күйеуiн се­бепсiз қызғана бередi. Жұмыстан кешiксе, қалта телефонына әлдебiр әйел қоңырау шалса, тойларда басқа бiр әйелмен билеп қойса, үйiне келген соң мiндеттi түрде жанжал шығарады. Мұндай қызғаншақ айымдардың ерлерiне сенiп үйренгендерi жөн. Егер еркек қыдырғысы келсе, әйелiне бiлдiрмей-ақ қыдырудың жолын табады. Сондықтан болмашы нәрсеге бола отбасының шырқын бұзбаған жөн. Ұрыс-керiс кiмдi болса да қажытады. Жиi ұрсыса берсеңiз, өзiңiздiң де жүйкеңiз жұқарады, ерiңiз де ұрыстан мезi болып, үйден қашатын болады.
Бақытты отбасын құру үшiн тек махаббат жеткiлiксiз. Оған қоса сенiм мен сыйластық қажет. Өмiр қиындықсыз болмайды. Сондай кездерi ерiңiзге сүйеу бола бiлiңiз. Сол қиындыққа ерiңiздiң кесiрiнен тап болған күннiң өзiнде оны табаламай, қайта қол ұшын берiңiз. Оған сенетiнiңiздi, мұның уақытша қиындық екенiн, уақыт өте мұны да бiрге жеңетiнiңiздi айтып, жiгерлендiрiп отырыңыз. Өзiне сенетiн, өзiн үнемi қолдайтын жары барын сезiнген еркек ешуақытта мойымайды, кез келген қиындықты жеңiп шығады. Сондықтан жарыңызды сол қалпында сүйiңiз, сенiңiз, сыйлаңыз. Бақытты болудың бар құпиясы – осында.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар