1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 89 (16171) 8 қараша, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы. Дайындайтын Меруерт Хусаинова
8 қараша 2016
Медитация ерiккеннiң iсi емес

Медитация – адамның өзi­нiң iшкi әлемiне қалтқысыз үңiлуiн, барлық назарын жан дүниесiне бағыттауын бiл­дiретiн ұғым. Медитацияның мақсаты – өмiрдегi құмарлықтан арылу. Оның көптеген түрлерi бар: отқа, дененiң бiр мүшесiне назарды шоғырландыру арқылы немесе ән айтып, би билеу арқылы жасалатын динамикалық медитация. Ең бастысы, бұл жаңалыққа ден қойған адам медитацияның ­сиыну немесе табыну емес, айналадағы күйкi тiрлiктен арылу, ештеңенi ойламау арқылы демалу, ағзаны тыныштандыру екенiн түсiнуi керек. Мамандар тiптi бұл терминдi «ештеңе iстемеу», «ештеңе ойламау», «уақыттың тоқтап қа­луы» деген мағынада түсiнуге кеңес бередi.

Шындығында бiздiң санамыз ойдан арылған емес. Оның iшiнде адамға керектi ақпараттан гөрi, түкке қа­жетсiз дүниелер көп. Ми қабаты жұмысының қиындығын тек осы кезде түсiнгендей боласың. Ал медитация осы қа­жетсiз дүниелерден арылып, бiр сәт те болса ештеңе ойламай, демалуға көмектеседi. Көзiн тарс жұмып жатып та, ертеңгi күнге жоспар құрып, кешегi күннiң қуанышы мен өкiнiшiн таразылап жататындар болады. Мұны медитация деу дұрыс емес. Ойда ештеңе жоқ, мидағы қарбалас тiрлiк бiр сәт те болса байыз тауып, айналадағы әлемнен толықтай қол үзген тылсым шақ – мiне, бұл – нағыз медитацияның салтанат құрған шағы. Қытай бiлгiрi Ошо “мидағы демалыс, толық үнсiздiк – медитацияның белгiлерi” деп есептейдi. 
Дегенмен ойламау мен үнсiздiк ортақ белгiсi болып табылатын медитацияның сан алуан түрi бар. Бiреуге бiр түрi ұнаса, келесi адамға ол ұнамауы мүмкiн. Сондықтан медитацияның жаныңызға жақынын анықтап, таңдай бiлу өте маңызды. Осы саланы жете зерт­теген Ошо «Медитацияны кө­ңiл­мен қалау керек. Оны күш­теп таңуға болмайды. Еркiң­нен тыс күштеп таңылған медитация ешқашан шынайы болмайды» дейдi. Бастапқыда медитациямен кешке ұйықтардың алдында немесе күн­делiктi бiр уақытта айналыс­қан жөн. Дегенмен, бұл кезде де ескеретiн жайлар бар. “Жарықтың болмауы, ортаның әдемi хош иiске бөленiп тұруы, арнайы киiм, арнайы төсенiш пен белгiлi бiр жағдайда отыру мұның бәрi медитацияның әсерiн күшейтедi» дегендi Ошо бекер айтпаған. Алғашқыда сiзге бәрi күлкiлi, тiптi ерiк­кеннiң ермегiндей болып көрiнуi мүмкiн. Бiрақ ештеңеге мән берместен, арнайы жаттығуларды жасап көрсеңiз, осынау қарапайым әдiстiң астарында терең мағына жатқанын түсiнер едiңiз.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті