1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 89 (16171) 8 қараша, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
8 қараша 2016
Сұрақ-жауап

САМАРҚАУЛЫҚТАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ?

 Бейжай, самарқау өмiрден жалықтым. Спортпен айналысайын десем, буын-буыным ауырады. Қаттырақ қимылдасам, жүрегiм қағып, тез шаршап қаламын. Не iстесем болады?
Ағайша БЕРДIБЕКОВА,
Жезқазған қаласы.
– Мұндай жағдайда аквааэробикаға жетерi жоқ. Қарапайым аэробикадан судағы жаттығулар организмге түсетiн салмақтың аздығымен ерекшеленедi. Мысалы, спортзалдағы дене жаттығулары кезiнде бұлшық еттерiңiз бен iшкi органдарыңызға тартылыс күшi қат­ты әсер етедi. Ал суда жаттыққан мезгiлде дене мү­шелерiне түсетiн салмақ әлдеқайда төмен болады. Оның үстiне судың өзi күрделi дене қозғалыстарын жасауды жеңiлдетедi. Тiптi буын-буыны қозғалысқа әрең келетiн адамдардың өзiнiң бассейнде икемдiлiгi, оралымдылығы артады.
Судағы дене жаттығулары қан айналымын арттырып, жүйке жүйесiн нығайтады, шынықтырады. Екiншi жағынан, су бұлшық еттердiң жұмысын жақсартып, дене қимылының ширақтығын арттырады. Демек, самарқаулықтан құтылып, сергуге, сер­пiлуге бет бұрасыз деген сөз.
 
ГАЗДАЛҒАН СУДЫҢ НЕ ЗИЯНЫ БАР?
 
Мен бала кезiмнен лимонадты жақсы көремiн. Бiрақ “газды сусындарға көп әуес болмау керек” деп жатады ғой. Сонда олардың нақты қандай зияны бар?
Алма БЕРДИЯРОВА,
Алматы облысы.
 
– Газдалған тәттi судың калориясы өте жоғары болып келедi. Оның бiр литрiн­де шақпақ қанттың шамамен сегiз түйiрi бар. Сол себептi де, аталған сусындарға әуестiк шынымен де, артық салмақ қосуға себепкер болады. Мұның сыртында көмiр қышқылы асқазан сөлiнiң қышқылдығын арттырып, оны бара-бара тiптi гастритке ұрындыруы мүмкiн. Тағы бiр зияны, газды сусындардың құрамына кiретiн көмiрқышқыл газы асқазан бездерiн тiтiркендiредi. Тәттi сусын сатып алмас бұрын осы жайттарды есiңiзде сақтағаныңыз жөн.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар