1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 89 (16171) 8 қараша, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы. Дайындайтын Меруерт Хусаинова
8 қараша 2016
Тауық етi мен көкөнiс орамасы

Қажеттi заттар:

 
Жасалу әдiсi:
Ең әуелi тауықтың төс етiн сүйегiнен ажыратып, жұмсақ етiн ғана қалдырамыз да, оны екiге бөлемiз. Әрқайсысының бет жағын ғана жұқалап тiлемiз, ол ашылған кiтапша сияқты болып тұруы керек. Қалыңдығы 5 мм шамасында болады. Оған тұз, бұрыш, бас­қа да дәмдеуiштер қосып, бөлме температурасында 20 минут қойып қоямыз. 
Тауық етiнiң дәмi кiр­генше, қоспа дайындаймыз. Қозықұйрықты жұқалап тiлiп, майға қуырамыз. Сарымсақ пен аскөктi майдалап турап, қозықұйрықтың үстiне саламыз, тұз, бұрыш қосып, араластырамыз, отын сөндiрiп, бiраз суытамыз. Iрiмшiктi үккiштен өткiзiп, қозықұйрықпен араластырамыз.

Осы қоспаны кiтапша сияқты жайылған тауық етiнiң ортасына салып, үс­тiнен бөдененiң пiскен жұмыртқасын үккiштен өткiзiп қосамыз. Сосын тығыздау ғып айналдырып, орама жасаймыз. Жайылып кетпес үшiн сыртынан жiп­пен байлауға болады. Ру­леттiң әрқайсысын жеке-жеке фольгамен орап, 200 градусқа дейiн қызған пешке салып, 25-30 минут пiсiремiз. Пiскеннен кейiн сәл суытып барып, бөлiп, дастарқанға қоямыз. Ыстық күйiнде де, суық күйiнде де жей беруге болады.

тауықтың 600 г төс етi
250 г қозықұйрық
2 сарымсақ
1 бау аскөк
бөдененiң 6 жұмыртқасы
100 г қатты iрiмшiк
ұнтақталған қызыл бұрыш 
2 ас қасық өсiмдiк майы
тұз
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті