1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (16188) 10 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы. Дайындайтын Меруерт Хусаинова
10 қаңтар 2017
Демiкпе дендеп кетпесiн десек...

Тыныс демiкпесi – созылмалы дерт. Басталса, оңайшылықпен кете қоймайды. Мамандардың айтуынша, тыныс демiкпесi ешқашан бiрден ұстамайды. Қозатын кезде оның белгiлерi бiртiндеп көңiл-күйдiң төмендеуiне, денсаулықтың cыр беруiне алып келедi. Сондықтан өз ағзаңыздағы өзгерiстердi бақылап жүргеннiң артықтығы жоқ. Демiкпенiң жақындағанын байқадыңыз ба, бiрден алдын алудың жолын iздеңiз.

Егер тез шаршап, ашуланшақ бола бастасаңыз, көңiл хошыңыз болмай, ұйқыңыз қашса, оған қоса тәбетiңiз тартпаса, танауыңыз қызарып, мұрныңыз қыши берсе, көзiңiздiң жасаурағаны қоймаса, онда бұл – демiкпенiң жақындап қалғанының белгiсi.
Мұндай жағдайда:
– Күш-қуатыңыз сарқылғанша жұмыс iстемеңiз, керiсiнше көбiрек демалған пайдалы. Денсаулығыңыз қалпына келгенше ауыр жұмыстардан бас тартқаныңыз жөн.
– Тоя тамақ жеудiң де зияны бар. Әсiресе жатар алдында асқазанға салмақ салмауы керек. Денсаулығын ойлаған жан ас мәзiрiнен бұршақ, үрме бұршақ, жасымық, салат, алманы алып тастап, ұйықтардан екi сағат бұрын әлденiп алуы қажет. Өйткенi газ қалыптастыратын тағамдар асқазан мен iшектiң жұмысын бұзып, дем алысты қиындатады, мұның соңы тыныс демiкпесiне әкелетiнi кiм-кiмге де белгiлi.
Тыныс демiкпесi әсiресе түнде, кешқұрым қоза түседi. Өйткенi бұл кезде ағзада өзгерiстер орын алып, шаршаған денеде қандай да бiр ауруға қарсы тұратындай қауқар қалмайды. Демiкпенiң өршуiне аллергия шақыратын заттар да себепкер болады. Айталық, едендегi шаң, құс жастық, төсенiш, көрпелердегi тозаңның керi әсерi жетерлiк. Сондықтан қауырсын, жүн, мамықтан жасалған дүниелердi өзiңiзден алыс ұстаңыз. Киiм-кешек, төсек-орынды жиi ауыстырып, үнемi тазартып тұрған орынды.
Дәрiгерлер аурудың әсiресе түнде, таң алдында асқынып кететiн айтады. Осыған орай, тыныс алу жолдарын ашатын, демалуға көмектесетiн дәрiлер жаныңызда болсын. Дәрiлердi таңдауда да ескеретiн жайлар бар. Мысалы, дәрiлердiң 12 сағатқа дейiн әсер ететiн түрлерiн алу керек. Сонда түнгi ұйқыңыз бұзылмайды.
Жадыңызда жүрсiн:
– Ұстама кезiнде ешқашан жатуға болмайды, одан гөрi жотаңызға бiрнеше жастықты тiреп, жайланып отырыңыз. Немесе мұндайда тұрып жүрген пайдалы. Тұрғанда көкiрек қуысы ашылып, тыныс алу жеңiлдейдi.
– Аз-аздан жылы шай немесе сүт iшудiң де көмегi көп.
– Демалысын қалыпқа келтiру үшiн арнайы жаттығуларды жасаңыз. Күндегiдей жылдам емес, қимылды баппен, жай қайталаған дұрыс. Демiкпенi жеңуге көмектесетiн жаттығулар аса қиын емес. Ол үшiн түзу отырып екi қолыңызды да iшiңiзге қойыңыз. Сосын асықпай тыныс алыңыз. Дем алу кезiнде iшiңiз, белiңiздiң төменгi тұсы шар секiлдi ауа жинауы шарт. Ал жаттығу кезiнде көкiрек қуысын түзу, бiр қалыпта ұстаған жөн.
– Шар үрлеп жатқандай ернiңiздi шүйiрiп дем шығарыңыз. Осы кезде iшiңiздiң босағаны бiрден байқалады.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті