1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 21 ақпан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
21 ақпан 2017
«Жұмада бiр сағат бар...»

...Былай ойлап қарасаң, су неге тоқтаусыз ағады, жел неге үздiксiз соғады, ауа неге таусылып қалмайды, жер қайтiп бүкiл тiршiлiктi көтерiп тұр, аспан неге түсiп кетпейдi, адамнан қалай адам пайда болады?.. Осыны қызықтап сұрасақ, “тек!” деп шошып кететiн ауылдағы апаларымыз баяғыда: “Ол – Құдайдың құдiретi!” деп, бiр-ақ ауыз сөзбен қысқа қайыратын...
Қайран, сол қариялар дiн жөнiндегi шала сауатымен-ақ көкiрегiмiзге көп нәрсенi құйып кеттi. Имандылықтың мәнiсiн жете түсiнбей жатып-ақ, бiз бiреудi жазықсыз жәбiрлемеу, кiсiнiң сыртынан ғайбат сөз айтпау, ешкiмнiң ақысын жемеу, жан баласын жатсынбай, бауыр тұту, әлсiзге болысу, мұқтажға жәрдемдесу деген асыл қағидаларды өмiрлiк ұстанымымызға айналдырдық. “Халал” сөзi тiлдiк қолданысқа енбей тұрып-ақ, адал ас iштiк...
Осының өзi – жалпы, қазақ баласының тумысынан таза, тектi болып келетiндiгiнiң айғағы. Белгiлi бiр кезеңдердiң ұлтымызды да, ұрпағымызды да ептеп адастырғаны рас. Бiрақ дiнге бетбұрыс тұрғысынан алғанда, соңғы уақытта жақсы өзгерiстер байқалады. Жастар лек-легiмен мешiттерге ағылуда. Тiптi өздерi: “Бұрын бiздi үлкендер: “бұзылып кеттi, iшкiлiкке құмар” деп кiнәлаушы едi. Қазiр бiзде – арақ iшу мода емес, намаз оқу, ораза ұстау – мода” деп әзiлдейтiн болыпты. Қалай дегенмен де, Құранды төрге қастерлеп iлiп қою немесе тыйым салынған нәрселерден тыйылу аз. Бүкiл жан дүниеңмен бойұсынып, күнделiктi ұстанған жағдайда ғана Дiн – өмiрлiк дiңгегiңе айналады... Ең бастысы, жастар осыны түсiнген. Бес уақыт намазды әдетке айналдырып үлгермегендерiнiң өзi жұма намаздан қалмауға тырысады. Мұның мәнiсi – олардың өзiне сана-сезiм, жүрек берiп, адамдық болмыс сыйлаған шексiз құдiрет иесiн танып-бiлуге талпынуында жатыр. Шынымен де, ақыл-есi түзу, он екi мүшесi түгел адамның өзiн “соншалықты махаббатпен жаратқан” Алла тағалаға иман келтiрмеуiнiң, аптадағы жетi күннiң ең болмағанда бiреуiн Жаратушыға құлшылыққа арнамауының жөнi бар ма?
Дiннiң негiзi – отбасы. Әрбiр отбасында иман ұйығанда барып, бүкiл елде береке-бiрлiк орнайды, жұрттың бiр-бiрiне деген ниетi түзелiп, адамгершiлiгi, бауырмалдығы артады. Хадиске жүгiнсек, жұмада “харамнан басқа тiлегiңнiң бәрi орындалатын бiр сағат бар”. Дүние өртенiп кетсе де, жұмыстың бәрiн жиып қойып, тiлеу тiлеудiң, құлшылық етудiң сыры да, бәлкiм, сол “бiр сағатты” күтуде жатқан шығар. Осы орайда, “Адамға сенген мұрттай ұшады, Аллаға сенген құстай ұшады” деген қарапайым пәлсапамен-ақ, хақ Тәңiрге иман келтiрудiң артықшылығын айтып кеткен дана халықтың ең iзгi дiн – исламға жас-кәрi демей, жаппай бас қояр шағы туатынына сенгiң келедi.
Қасиеттi хадисте айтылғандай, “Жұма – күн шыққан күндердiң iшiндегi ең жақсысы. Жұма күнi – Ораза айты мен Құрбан айтынан да ұлығырақ. Өйткенi осы күнi Аллаһ тағала Адамды (ғ.с) жаратты; Осы күнi Адам ғ.с. жерге түстi; Осы күнi Адам ғ.с. қайтыс болды; Қиямет жұма күнi болады. Сондықтан, перiштелер, аспан, жер, жел, тау, теңiздер барлығы да Жұма күнiнен қорқады...”.
...Тек бiз ғана қорықпауымыз мүмкiн. Себебi пендемiз: көпшiлiгiмiз көзiмiздiң алдындағыдан арғыны көрмеймiз, құлағымыз шалып қалғаннан басқаны естiмеймiз. Жүрегiмiз болса да, өлiп қалған. Жаратушымыз: “Өзiм жаратқан он сегiз мың ғаламда мен еш жерге сыймаймын. Тек иман келтiрген пендемнiң жүрегiне ғана тұрақтаймын” деген екен. Дiнсiздiктiң, жалпы, Құдайын танымаудың себебi де – “өлген” жүректiң ештеңеге селт етпейтiнiнен болса керек.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті