1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 21 ақпан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
21 ақпан 2017
Гастрит балаларды да шырмай бастады

Гастриттi үлкендерге ғана тән ауру десеңiз, қателесесiз. Өкiнiшке қарай, ол кiшкентай балаларды да мазалайды. Созылмалы гастрит тұрақты әрi толыққанды тамақтанбаудан басталып, одан әрi асқына түседi. “Алма алма ағашынан алысқа түспейдi” демекшi, егер үй iшiнде денсаулық сақтауға жете мән берiлмесе, дiмкәс “отбасылық дәстүр” балаға мирас болып қалады.
Созылмалы жұқпалы дерттердiң көзi – қанқұрт жеген тiс, қабынған көмекей безi, кеңсiрiк ауруы, осының бәрi қосылып асқазан дертiн қоздырады. Гастриттiң белгiлерi бiрден байқалмауы мүмкiн. Ол үшiн кейде балаға анықтап қарау керек. Егер жүзi қуарып, асқа тәбетi тартпай тұрса, тез шаршаса, төс шемiршегiнiң асты ауырса, iшi кеуiп, қыжылдап, кекiрiк атса, құсқысы келсе, баланы дереу дәрiгерге көрсету керек. Дерт асқынған сайын бұл құбылыстар күшейе түседi. Гастриттен сақтанудың ең дұрыс жолы – чипсы, гамбургерлердi ауызға татып алмау. Сол сияқты, басқа да бiрқатар қағидаларды сақтаған абзал. Мәселен...
Барлық тамақты буда, суда пiсiрiңiз. Қырыққабат, шалқан, шомыр, тамыр жемiстi өсiмдiк, шалғам, қымыздық, саумалдық, пияз, сарымсақ, ақтаған тары ботқасы және бұршақ жеуге болмайды.
Сорпаны көкөнiс пен жарманы қосып, май немесе қаймақ салып қайнатыңыз, сонда жұғымды болады.
Еттi (сиыр етi, бұзау етi, қоян етi, тауық етiн және күркетауық етiн терiсiн сыдырып алып тастап) және балықты (көксерке, треска, хек) жұмсақ болса, кесегiмен қайнатып пiсiрген жөн.
Ал қатқылдау ет болса, одан котлет пен тефтели жасаңыз (оны табада қуырмай, буда немесе пештiң iшiнде қабаттап пiсiрген жақсы).
Көкөнiстердi суға пiсiрiңiз, сосын құрғатып, езiлген пюре немесе будағы тәттi суфле қылыңыз. Картоп, асқабақ, кәдi, сәбiз, түрлi-түстi қырыққабат, қызанақ пайдалы (бiрақ күнiне 100 граммнан аспасын).
Мектеп оқушысына ботқа пайдалы: күрiш, сұлы, арпа, бұларды сүтпен, кiлегеймен бiрге беруге болады. Қайнағанда шырышы пайда болатын ботқаға қарақұмықты қосса болады, мысалы, арпа + қарақұмық, күрiш + қарақұмық.
Адам баласы үшiн не iстемейдi? Сәбидi балалар емханасындағы ЛФК және уқалау арқылы емделуге жазыңыз
Баланың күн сайын омыртқасын нығайтатын жаттығулар жасауын қадағалаңыз. Бұл орайда үрленген допты бұрыштан бұрышқа домалату пайдалы, төрттағандап, оны басымен қозғап ойнаса болады. Сондай-ақ, төбесiне жеңiл жүк, мысалы, кiтап қойып жүрсе, оның мүсiннiң тiк қалыптасуына игi әсерi бар, сымбатты болудың сыры осындайдан шығады. Балақай бұл тапсырманы мүлтiксiз орындай қалса, оны ендi күрделендiре түсiңiз – еденде шашылып жатқан заттарынан (ойыншықтар, доптар, қораптар) аттап өтуiн сұраңыз.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Нұрлан Бағланбай | 22 ақпан 2017 23:29
Асқазан жайлы айтып келіп омыртқаға өтіп кеткеніңіз не автор мырза əлде екеуі тікелей байланысты ма?
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті