1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
19 наурыз 2017
Мен – басқамын

Баяғыда бала күнімде «мектепті бітіремін, оқуға түсемін, күйеуге тиемін, өмір дегенің – осы» деп ойлаушы ем. Қазір есіме түссе күлкім келеді. Шынымды айтсам, жылағым келеді... Жоқ, мен бақытсыз әйел емеспін. Тәңірім маған үш ұл берді, күйеуім бар, жап-жақсы отбасымыз. Біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатырмыз. Үйіміз де, көлігіміз де көрікті. Бірақ мен бәрібір өзімді кейде жалғыз сезінемін. Шыбын жаныма бір нәрсе жетіспейді. Ол не екенін өзім де білмеймін. Өзімнен-өзім аласұрам.
Тура осындай сәтте күйеуіммен сөзге келіп қалсам жылаймын. Өксіп-өксіп аламын. Неге жылайтынымды тағы түсінбеймін. Бірақ көз жасымды, көңілімнің босағанын ешкімге көрсетпеймін. Балалар ұйықтағанда, күйеуім жатып қалғанда тысқа шығып жылаймын. Содан ішім босап кәдімгідей жеңілдеп қалғанымда үйге кіремін. Айнаға қараймын. Қызарған көзімді, айдақ-сайдақ жүзімді көргенде еріксіз езу тартамын. Жасыратыны жоқ, енді бірде өзімді аяймын. Ал кейде өзімді-өзім қайраймын. «Сорлы Сәбира, адамның жылатқаны ештеңе емес, Құдай жылатпасын. Басыңды көтер. Еңсеңді тікте!» – деп іштей күбірлеймін. Сосын кереуетке келіп құлай кетемін. Күйеуім қорылдап ұйықтап жатады. Оны да аяймын. Таңмен таласа жылы орнынан тұрып, теміржол бойындағы жұмысына кетеді. Ақша табу, отбасын асырау да оңай емес. Оның үстіне «балаларға анау керек, мынау керек» деп миын шірітемін. Бірақ несіне аяймын? Үйге табыс әкелу, бала-шағаны асырау оның міндеті емес пе? «Еркектерді аяуға болмайды, есіріп кетеді...» Мұндай сөздерді құрбыларымнан үнемі естимін. Әйтсе де бәрібір жаным ашып тұрады. Мен құрбыларыма ұқсамаймын. Басқамын. Бәрібір ұйқым келмейді. Ерсілі-қарсылы дөңбекшимін. Күйеуімді құшақтаймын. Бауырына тығыламын. Әлден уақыттан кейін ол «аунай бермей ұйықтасаңшы» деп күңк етеді. Мұнысы да маған ұнайды. Осы кезде есіме... бойжете бастаған тұстағы досым Мерген түседі. Қазір қандай екен? Өзгерген шығар, биыл отыз беске келеді. Көрші ауылдың қызына үйленді деп естігенмін. Бақытты ма екен? Осы кезде тағы бір ой қылаң береді: «бақытты ма, бақытты емес пе, не шаруаң бар?» Шынында да, қандай шаруам бар?! Ол енді бөтен адам. Міне, өз адамым аюдай қорылдап, жанымда ұйықтап жатыр. Ана бөлмеде тетелес өскен қозылардай үш ұл жатыр. Мен өмірге несіне өкпелеймін. Баласы да, байы да, баспанасы да жоқ қаншама әйел бар. Оның жанында менікі еркелік екен. Қой, сабама түсейін. Ұйықтайын. Ертең қаншама шаруа күтіп тұр. Сіздер де сөйтіңіздер. Жынды болса да, өз адамың болғанға не жетсін. Өзгенікіне телмірмейсің. Бұл өмірде сенің барыңа шүкіршілік етейін.


Сәбира Ж.
Ағадыр ауданы
Қарағанды облысы

 

ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар