1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
19 наурыз 2017
Қарыз бен қасірет қатар жүр

Жалпы, қарыз деген қызығатын нәрсе емес. Бүгінде кім қарыз сұрамайды, кім кімге қарыз емес десеңізші... Қазір қарыздың құрығы ұзын. Көшеге шығып қалсаң, жарқ-жұрқ еткен жарнама... «Ойбай, бізге кел, пәлен пайызбен қарызға ақша береміз, түген пайызбен қарызға зат береміз» деген. Қанша жерден қалтаң жұқа, жалақың жетімсіз болса да, қарызданып-қауғаланып жүріп сол затты алғанша тыным таппайсың. Яғни отбасы табысын шамалап, шамаңа қарай көсілмеген соң қазір қарыз сұрау мен қарыз берудің құны түсіп, қадірі қашып бара жатқандай. Шариғат бойынша қарыз берушіге де, егер сол қарызды уақытында қайтарса алушыға да жазылар сауап бар.
Осы аптада «Exline» курьерлік компаниясының бөлім басшысы «алаяқтық жасады» деген күдікпен ұсталды. Тепсе темір үзетін жастағы жігіт Алматыдан Таразға ірі көлемде тауар жөнелтіліп, оның қандай көлікпен жеткізілетіні туралы мәліметтерді жұмыс барысында естіп-білген көрінеді. Алты жылдан бері осы мекемеде еңбек етіп, тек алғыс алған мақтаулы қызметкер оңай олжаға кенелудің жолы осы деп ойласа керек. Сөйтіп, алдын ала жоспар құрып, облыс орталығына енді жеткен автобусты тоқтатып, қызметтік куәлігін көрсетіп, тауарларды түсіріп алып қалған. Осылайша жалпы құны 18,2 млн теңгені құрайтын ұялы телефондарды қолды етеді.
Бір жақсы жері, жамбылдық полиция қызметкерлері бұл қылмыстық істің ізін суытпай ашып, алаяқ Алматы қаласындағы бір гаражға жасырған тауарларды түгелдей қайтарып берді. Енді тергеу барысында «Мұндай қадамға неге бардың?» деген сауалға жас жігіт банктік несие қарыздарынан құтылмақ болғанын айтып ақталыпты. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қарызынан құтыламын деп жас өмірін өксітіп, темір торға түскен бұл тағдыр басқаларға сабақ болса, қанеки. Әрине, «несиенің несіне қызығады?» деп банк жағалағандарды жазғыру қиын. Бірақ қарыз бен қасірет қатар жүретінін ешқашан естен шығармаңыз, ағайын. Абайламасаңыз, қиын...


Бағдат ҚАЛДЫБАЙ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті