1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
19 наурыз 2017
Қан тазалығын ойлаймын

Менің әкем бір атадан жалғыз. Әкемнің ағасының үш қызы бар еді, сол кісілерді туған қарындасындай жақсы көрді. Біз де оларды апа деп құрметтеп өстік. Үшеуі де зиялы, өмірден оқып-тоқығаны көп адамдар еді. Кеңес кезінде ірі қызметтердің құлағын ұстап тұрды.
Айтайын дегенім, сол үш апамыздан тараған ұрпақ қазақшылықтан ада болып өсті. Оған кімді кінәлайсың? Сол кездегі жүйені ме, заманды ма, жоқ әлде өздерін бе? Қызметтің соңында жүріп балаларын орысша оқытты. Орысша тәрбиеледі. Ұлдар ержетіп үйленеміз дегенде бірі орыстың, екіншісі кәрістің, үшіншісі шүршіттің қызын алып келді. «Әпермейміз» деп қанша тырысса да, болмады. Үйленіп, осы күні ордалы елге айналды. Қыздар да солай – бірі грекке, келесісі күрдке, үшіншісі татарға келін болды. Кейде үлкен апам «қазақтан құдам болмады-ау» деп күңіренеді. Ондайда өзін аяп кетемін. Апаларым немерелерін қазақ мектебіне беріп көрді. Бірақ әке-шешесі орысша сөйлеп тұрған соң балалары қайда барады. Қазақша алып кете алмады. Содан қайыра орыс сыныбына өткізді. Аттары қазақша болғанымен, зады орыс. Қазір байқап қарасам, аралас некеден туған балалар өте көп екен. Негізінен, әкелері қазақ, шешелері өзге ұлттан. Мұндай ұрпақты қазақ дей аламыз ба? Олар қазақ үшін, ұлт үшін қызмет ете ме? Міне, мені осы мәселе мазалайды. Осыдан үш жыл бұрын жиеннен туған жиеншар «кәріске тұрмысқа шығамын» дегенде, әйелім екеумізден басқа ешкім қарсы болмады. Сонда әйелімнің туыстас бір сіңлісі «успокойтесь, сейчас люди за африканца выходят» деді. Әрине, ұлт болған соң ала-құласы болмай тұрмайды. Әйтсе де бізге, қазақтарға, қанның тазалығын ойлаған абзал. Бәрі отбасындағы тәрбиеден басталады. Баланы бала демей, жастайынан «әйелді қазақтан ал», «тұрмысқа қазаққа шық» деп құлағына құю керек. Мен қазір өз балаларыма «жас кезіңде ештеңе білінбейді, қартайғанда қазақтың қызынан артық ешкім қарамайды» дегенді айтып жүрмін. Өйткені өмірде неше түрлі тағдыр кездеседі. Мен кеңестік заманда, қызмет бабында бір министрмен аралас-құралас болдым. Сол министр орта жастан асқанда өзінің бәйбішесін тастап, орыстың қызына, хатшысына үйленген еді. Кейін зейнеткерлікке шығып, аяқастынан ауырып төсек тартып жатқанда қалай қиналғанын өз көзіммен көрдім. Жас келіншек дүние-мүліктің бәрін сатып, ақшасын Мәскеу асырып отырған. Сол жақтан үй-жайды алдын ала алып қойыпты. Күйеуінің денсаулығына, жағдайына қараған жоқ. Тайып тұрды. Сондағы әлгі министрдің еңкілдеп жылағанын көз көрді. Міне, осы оқиғаны ұл-қыздарыма айтып, құлағына құйып отырамын. Әйтсе де өз ұрпағым үшін бәрібір алаңдаймын. Босағамды тек қазақтың қызы аттаса екен деп тілеймін. Өйткені апаларымның кебін кигім келмейді.

Б.ҚАМЗАҰЛЫ
Қарасай ауданы
Алматы облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті