1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №43 (16229)   30 мамыр, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
30 мамыр 2017
Белоктың пайдасы зор

Иммунитет төмендегенде адам тез шаршайды, жиі сырқаттанады деп жатады. Ал иммунитет жоғары ма, төмен бе, оны қалай тексеріп көруге болады?
Нұркен АҒАРЫС Қапшағай

Денсаулығы мықты адам үш айда бір рет қана суықтап қалуы мүмкін. Иммундық жүйе әлсіреуінің бірінші белгісі – әсіресе, тыныс жолдарына тән созылмалы инфекциялар. Мұндай жағдайда иммунологқа көрінген абзал.
Иммундық жүйенің қандай органдары әлсіз екендігін арнаулы құралдардың көмегімен анықтап, оның белсенділігін арттыратын дәрі-дәрмекті жаңылыспай іріктеп алуға болады. Бірақ бұл – арнайы мекемелерде жасалуы тиіс нәрсе.
Ал иммундық жүйені табиғи түрде қалай көтеруге болады? Ол үшін таза ауада неғұрлым көбірек жүріп, зиянды әдеттерден мейлінше аулақ болған жөн. Иммунитеттің негізгі шарты – қорғаушы белоктар. Олардың көбірек түзілуі үшін ет пен балық өнімдерін, сондай-ақ ірімшік, сүзбе сияқты белокқа бай басқа да тағамдарды үзбей жеу керек.

ДӘРУМЕНДЕР ҚАРТАЮДАН ҚОРҒАЙДЫ

Денсаулықтың бір кепілі – дұрыс тамақтану екендігі белгілі. Ал дұрыс тамақтану арқылы қартаю процесін тежеуге бола ма?
Айзада НҰРЛАНБЕК Алматы

Диетолог-дәрігерлердің пікіріне жүгінсек, қартаю процесі организмдегі антиоксиданттардың, яғни А, С, Е дәрумендері мен селен минералдарының, сондай-ақ мырыштың жетіспеушілігінен туындайды. Зат алмасу процестері барысында организмде ерекше белсенді бөлшектер үздіксіз түрде түзіліп отырады. Әдетте, олардың зиянды әрекеттерін организмдегі андиоксиданттық қорғаныс жүйесі бейтараптандырады. Алайда үнемі бұлай бола бермеуі де мүмкін. Стресс, артық салмақ, қолайсыз экологиялық жағдай, темекі шегу, ішімдікпен әуестену, әсіресе, дұрыс тамақтанбау бұл процеске кері әсерін тигізеді.
Шамадан тыс түзілген бос радикалдарды игере алмаса, организм ерте қартая бастайды. Ал бос радикалдарды бейтараптандыруға андиоксиданттар көмектеседі және олар бірлескен түрде әрекет етеді. Пайдалы заттардың әрқайсысы келесі бір дәруменнің ықпалын арттыра түсетін қасиетке ие. Мысалы, С дәрумені селен мен Е дәруменін тотығудан сақтайды, ал Е дәрумені өз кезегінде А дәруменінің жақсы қорытылуына көмектеседі. Осынау аса бағалы заттар организмде өздігінен пайда болмайды, сондықтан күнделікті тағамның құрамында міндетті түрде болуы тиіс. Демек, жас әрі әдемі болып көрінгіңіз келсе, әрдайым дұрыс тамақтануға тырысқаныңыз жөн.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті