1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (16239)   4 шілде, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
4 шілде 2017
Баланың тіл мүкістігін қалай түзейміз?

Өкінішке қарай, қазір сөйлеу дағдылары дұрыс дамымаған балалардың саны күн сайын артып барады. Алты жасқа дейін балада дұрыс сөйлеу дағдылары толық қалыптасуы тиіс. Ысқырып немесе басқа да ерекшеліктермен айтылатын р (рь) және л (ль) секілді дыбыстар ажыратылып, өз орнымен айтылатын дәрежеде болғаны жөн. Бала дауыс ырғағы мен қаттылығын қажетіне қарай өзгерте алады: яғни қатты, жай, сыбырлап, тез, баяу сөйлеуге қабілетті, интонацияны ойын жеткізу үшін қолдана алады.

Баламен жұмыс істей отырып, тілі шыға бастаған сәбидің сөйлеу дағдысын дұрыстауды ата-ана шын жүрегімен, шын көңілімен атқаруы тиіс. Сәби ата-анадан, үлкендерден тек дұрыс айтылған сөздерді естігені абзал, бүгінде ата-ананың «өти-мөти» деп баланың тілінде сөйлесуі жиі кездеседі; сәби тілінің дұрыс қалыптасуы үшін бұлай сөйлеу құптарлық іс емес. Сонымен қатар сәбидің тілін жаттықтыруға оны күштеп емес, қызығушылығын оятып айналысқан жөн. Жаттығулар кезінде сабырлы бола білу, баланы кез келген жетістігі үшін мақтап отыру тілдегі қиындықтарды өз уақытында жеңуге септігін тигізеді.

ТІЛ ДАМЫТУДАҒЫ АТА-АНА КӨМЕГІ
Сөйлеу дағдылары бала өзін қоршаған ортаны, күнделікті жаңа нәрселерді, құбылыстарды кеңінен танып-біле бастаған кезде дамиды. Сондықтан баланың айналамен байланыста болуына жағдай жасау керек. Яғни баланың қасында жай отырып қана қоймай, онымен бірге әрекет ету, бірге ойнау, баламен сөйлесіп, оны жауап қайтаруға үйрету аса маңызды.
Бала тілін дамытудың тағы бір тиімді жолы – ата-ана сәби саусақтарының қимылы мен ептілігінің дамуына ықпал етуі қажет. Бала өз қолын епті басқарған сайын оның тілі де дұрыс шыға бастайды. Бұл үшін ойыншықтарды, әртүрлі көлемдегі, формадағы заттарды, ойындарды пайдалануға болады. Сәби туғаннан бастап түрлі дыбыстарды ести бастайды. Осы дыбыстар сәби үшін қабылдаудың маңызды құралдарының бірі болып саналады. Онсыз толыққанды сөйлеудің дамуы мүмкін емес. Баланың есту қабілетін мұқият қадағалаған жөн және оған зиянды әсерлерден барынша сақтана білу керек. Міндетті түрде баланың есту қабілетін дамыту шарт. Сәби мен ата-ананың түсінісу деңгейі, үлкендер мен бала арасындағы жақындық, балаға бөлінген көңіл мен арадағы байланыс көп жағдайда бала тілінің дамуына айтарлықтай ықпал етеді.
Сәби өзінің жасына сай дамуы керек. Егер сөйлеу дағдыларын дамытуға қажеттілік туындаса, арнайы балабақшаларға, ерте дамыту орталықтарына апарған дұрыс. Қазіргі таңда баланың сөйлеу, ойлау дағдыларын дамытуға арналған методикалық сілтемелер, кітаптар сатылымда көптеп кездеседі. Осы оқулықтармен баланы үйде де тәрбиелеуге болады. Сөйлеу мәдениеті мен дұрыс ойлануға үйрететін, баланың мүмкіндіктерін дамытатын көптеген ойындар мен жаттығулар бар.

СӨЙЛЕУДІҢ КЕШЕУІЛДЕУІ
Сөйлеудің кешеуілдеуінің себептері көп. Ең көп кездесетіні:
а) есту қабілетінің бұзылуы. Егер балаңыздың жақсы естімейтінін, аз сөйлейтінін немесе түсініксіз сөйлейтінін байқасаңыз, тез арада дәрігерге көрсетіңіз;
б) мидағы дисфункциялар. Бұл орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Ондай балалар көп қозғалмайтын, самарқау болып келеді.
Сөйлеу сапасы – адамның интеллектуалды және эмоционалды дамуының көрсеткіші. Сондықтан ата-ана баланың сөйлеу мүмкіндіктерін қадағалап отыруы тиіс, сәби өзіне арналған сөздерді түсініп қана қоймай, өзі сөйлеуге талпынатындай, сөздерді қолданатындай жағдайға жетуі қажет.
Өкінішке қарай, қазіргі қарбалас уақытта адамдардың бәрі жұмыспен, тіршілік қамымен жүріп, сәбиге, оның тілінің дұрыс шығуына көңіл бөлуге мұршалары бола бермейді. Негізінен, ата-аналардың көпшілігі баласын логопедке тек мектеп жасына таянған шағында, яғни кеш алып келеді. Сондықтан балаға дер кезінде көңіл бөліп, мамандарға уақытында көрсетіп, тексертуге тырысқан абзал.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті