1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (16248)   8 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
8 тамыз 2017
Тоқал ма, әлде көңілдес пе?

Тарихқа тән құбылыстардың бірі – іріктелу. Ұлттар, сол ұлттардың сөздері мен олардың мағыналары, түрлі ұғымдар – бәрі-бәрі өзіндік іріктеулерден өтеді. Алайда кейбір іріктелулер шатасумен тұстасып жатады. Мұндай қорытындыға неге келдім?..
Жақында әлеуметтік желіден қалың көрерменнің арасында үлкен талқылауға түскен «Тоқал» фильмін тамашаладым. Бастапқыда өз атауын толық ашар деп үміттенген едім, бірақ көрсетілімнің ортасына келгенде фильмнің өз атауын жалпы мағыналық және сюжеттік тұрғыда ашпағандығына көзім жетті. Қозғағым келіп отырған мәселе фильм төңірегінде емес. Ол фильмге менсіз де жарнама жеткілікті.
Мені толғандырған мәселе – бүгінгі таңдағы шатасу. Қандай шатасу дейсіз бе? Біздің қоғам тоқал мен көңілдестің орнын алмастыру үстінде. Қазақ тоқалды қандай жағдайда алған және тоқал деген кім? Бәйбішенің келісімімен заңды түрде некесі қиылып, үйдің екінші отанасы болып келетін жан – тоқал. Төсек жаңғырту. Әмеңгерлік. Бәйбіше құрсақ көтере алмаған жағдайда ұрпақ жалғастыру үшін шаңыраққа кіретін әйел заты. Жесірі мен жетімін жылатпау үшін, жат қойнына құлатпау үшін үлкен отауға кіргізілген, отағасының екінші жұбайы. Яғни қандай жағдайда болсын бәйбішенің келісімімен, қариялардың батасын алып, түсер шаңырағына құт болып келсін деп ақ босаға аттатқан. Мұндай жолмен түскен тоқал жаңа отауында өзіндік орны мен беделі бар, отбасының бір мүшесі саналмақ. Тарихта тоқалдар Алаш үшін Абай мен Шоқан сынды талай алып тұлғаларды сыйлады. Яғни тоқал ұяларлықтай ұғым емес. Алайда бүгінгінің білгіштері «тоқал» деп кімді атап жүр? Өзінен жасы бірнеше есе үлкен қалталы азамат пен оның үйіндегілерінің келісімінсіз (бәйбіше, бала-шаға) көңіл жарастырып, қиын заманда оңай өмір сүрудің қамын жасаған сылқымдарды, нақтырақ айтқанда, көңілдес сынды жеңіл жүрісті, жеңіл атауды тоқал сынды салмақты ұғыммен шатастыруда.
Бұрынғының тоқалы үйге құт болып кіріп, үлкен күндестік пен қызғанышқа қарамастан, сол үйдің береке-бірлігін арттыруға күш салса, бүгінгінің тоқалы қайта ұйып отырған ошақтың құтын қашырып, үйдің егесін шаңырағынан алыстатып, тыныштығын бұзуда. Бұл – жеңіл жолды көңілдестік. Ол – ол ма, онымен қоса, әлеуметтік желіде өз-өзін жарнамалап, өзінің әрекеттерімен, ақша табу үрдістерімен, ұлтының өркендеуіне үлес қосқан аяулыларша мақтана бөлісіп, өз-өздеріне «тоқал» деген атақты үлестіргендеріне не жорық? Бұл, әрине, артық.
Қапаландыратыны мынау: бөгде шаңырақтың отағасын өзіне заңсыз қаратып, бір отбасының ойранын шығарған және өз әрекеттерін «тоқалдық» деп дұрыс ұғым мен бұрыс әрекеттің бетін тұмшалауы. Жоғарыда айтып өткен фильм болсын, әлеуметтік желілердегі сан мыңдаған жазбалар мен бейнекөрсетілімдер болсын соның дәлелі. Ең бастысы, қалың көпшілік отауына құт пен береке дарытуға тырысатын тоқал мен нәпсіқұмар еркекке қолжаулық болуға арланбайтын көңілдестің орнын шатастырмаса болғаны...

Наргиз АЙМУХАМЕТОВА
Семей қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Болғанай | 11 қыркүйек 2017 10:21
Керемет айтылған! Толықтай қосыламын. Қазіргі тоқалмын деп жүргендер тоқал емес, көңілдес.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті