1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (16254) 29 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
29 тамыз 2017
Тентекті тыю... Дұрыс па, бұрыс па?

«Баласын мақтар бас жаман» десек те, баланы мақтағанның жағымды жақтары көп. Тек орнымен мақтай білу керек. Орынсыз мақтау баланың өзімшілдігін, менмендігін арттырып жіберуі мүмкін. Баланың бағасын төмендетпей, өзіне сенімділігін күшейту, қабілетін дамыту үшін мақтау қажет-ақ және оның шынайы болуы маңызды. Бұзықтығына мән бермей кешіре салудың салдарынан, өз әрекеттерінің елеусіз қалатынына баланың сенімі күшейеді. Сөйтіп, болашақта одан да қауіпті әрекеттерге баруы мүмкін. Сондықтан педагог-психолог мамандардың кеңесіне жүгіне отырып, тәрбиедегі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланған жөн.
Үнемі қатал тәрбиелеп, әрбір әрекетіне жөнсіз ескерту немесе сын айтылатын болса, әлбетте, ондай баланың жасқаншақ болып қалуы ықтимал. Сонымен бірге орынсыз айтылған сын-ескертулер де баланың өзін-өзі бағалауын, өзіне деген сенімділігін төмендетіп, өз бетімен әрекет ету қорқынышын ұлғайтады да, ортада өзін «ақ қарға» ретінде сезінуге ықпал етеді. Жалпы, үнемі кемшілігін көріп, тиісе беру баланың көп іске деген ықыласы мен құштарлығын өлтіреді. Сондықтан ескерту жасай беру аса тиімді тәсіл емес.
Жасөспірімдік шақ – бала дамуындағы ең күрделі де қиын кезең, оны «өтпелі кезең» деп атайды. Бұл кезең 11 жастан 18 жасқа дейінгі уақытты қамтиды. Себебі жасөспірім шақтағы бозбалалар мен бойжеткендер өздерін ересек адамдардай сезінеді, гормондық жағынан жетіле бастайды. Сезімдері мен эмоциялары тұрақсыз болады. Дәл осы кезде ата-аналар баланың жан дүниесін түсінуі керек. Балаға осындай сәтте ата-ана ретіндегі үстемдік емес, дос ретінде тең қарым-қатынас жасағандары жөн. Баланың жанын түсінуде ата-аналар эмпатия сезімін басынан өткерулері маңызды. Ал эмпатия дегеніміз – басқа адамның жан дүниесіне ену қабілеті немесе сол адаммен бірге күйзелу, сезімдерін, көңіл күйін бірге бастан кешіру. Сонда олар ата-ананың өзі сияқты қинала білетінін сезінеді. Жанашыр, арқа сүйер тірек, сыр сақтар дос, мейірімді жан ретінде ата-анасына құрметі күшейеді. Егер махаббаттағы сәтсіздікті немесе олардағы басты проблемаларды күлкіге айналдырар болса, баланың ата-анадан көңілі қалып, кешіргісі келмегендіктен, ақыл-кеңестерін тыңдауға ықылас танытпауы түсінікті жағдай.
Жалпы, дәрігердің сырқатты емдеуінде білімділік пен сақтық қаншалықты қажет болса, тәрбиенің әдіс-тәсілдерін пайдалану шарты да сондай ыждағаттылықты қажет етеді.
Қазақта «Баланы – жастан» деп кішкентайынан арқасынан қағып еркелетіп те, қажет жерінде қаталдық танытып, жөнге салатын тәрбие тәсілдері көп-ақ. Сол сияқты бүгін де баланы орынсыз тұқыртып, қит етсе қатаң жазаламай-ақ тентектігін түзейтін қазақы тәрбиені жалғастырсақ жетіп жатыр.

Бақыт ҚАБДЫҒАЛИЕВА, педагог
Алматы облысы
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті