1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Тележүргiзушi Аружан Сайын президенттi «Такси» телеойынына шақырып, 37000 теңге ұтып алуға болатынын айтты. Бұған Н.Назарбаев неге үндемеді?
Жүлде қорын қомсынғандықтан (17.8%)
Интелектуалдық қарым-қабiлетiне күмәнданғандықтан (24.3%)
Ресейден алынған көшiрме бағдарлама қызықтырмағандықтан (14.4%)
Ойын-сауықпен әуестенетiн жастан әлдеқашан өтiп кеткендiктен (43.6%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (15432) 29 қыркүйек, сейсенбі 2009
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы. Дайындайтын Салима ЫСҚАҚОВА
29 қыркүйек 2009
Доңыз тұмауы...

Күз айы. Осы мезгiлде тұмау, баспа, тамақ ауруы жиiлеп кетедi. Әркiм өз бiлгенiнше ем қолданады. Бiрi тұмауға қарсы сарымсақты, пиязды нанға қосып та, қоспай да жеп жатады. Ендi бiрi дәрiгерге бармай-ақ, өзi бiлетiн дәрi-дәрмектi iшiп жүре бередi. Бүкiл әлемдi шошытып отырған A(H1N1) вирусты тұмауы бұлардың ойларына да келмеуi мүмкiн. Шындығына келсек, доңыз тұмауының белгiлерi жай тұмаудың белгiлерiмен бiрдей екен. Бiз бұл жөнiнде Алматы мемлекеттiк дәрiгер¬лер¬дiң бiлiмiн жетiлдiру институтының меңгерушiсi, доцент Әбдiсабыр ӨМЕШҰЛЫНАН сұраған едiк.


– Доңыз тұмауының белгiлерi қандай болып келедi?

– Доңыз тұмауының ошағы – Латын Америкасында, яғни Мексикада деп айтылып жүр. Және бұл жұқпалы A(H1N1) вирусты тұмауы Австралияда, Канадада, Оңтүстiк Кореяда, Израильде, Испанияда, Францияда, Ресейде, тағы да басқа елдерде қаншама адамның өмiрiн қиып кеттi. Ал Куба, АҚШ, Мексикаға шығатын әуе жолдарын жауып тастады. Бiздiң Сыртқы Iстер министрлiгi де доңыз тұмауы шыққан елдерге баруды тоқтата тұруды жөн көрiп отыр. Себебi, A(H1N1) пандемиялық тұмауы Қазақстанға шетелден келген деп есептелiнуде.
Жалпы, доңыз тұмауының клиникалық белгiлерi маусымдық тұмауларға немесе ОРЗ-ға ұқсас болып келедi. Денесi тоңады, қалтырайды, қызуы көтерiледi, басы ауырады, тамағы жұтқызбайды, бұлшық еттерi ауырады, мұрнынан су ағады, жөтеледi. Тiптi, кей жағдайларда жүрегi айнып, асқазаны ауырып, құсуы да мүмкiн. Бұл тұмау – адамнан адамға ауа арқылы жұғатын респираторлы вирусты тұмау. Сондықтан қай жерiңiз ауырса да дәрiгерге көрiнгенiңiз дұрыс.
– Ұлыбританияның журналистерi “әлемнiң әрбiр үшiншi адамы доңыз тұмауымен ауруы мүмкiн” деген болжам жасады. Олар мұндай қорытындыға бұл вирусты елеп-екшеп, саралап барып келiп отыр. Әрине, олардың болжамдары келмей-ақ қойсын. Бiрақ, бұл тұмаудың алдын алудың басты шаралары бар ма?
– Қызуы жоғары, жиi жөтелетiн науқастардан бойды аулақ салған дұрыс. Қолды жиi жуып, дұрыс ұйықтап, витаминдердi көп жеу керек. Адам көп болатын жерге (қара базар, дүкендер, спорттық кешендер, конференциялар, тағысын тағылар) мiндеттi түрде маска киiп барыңыз. Және доңыз тұмауы асқынған елдерге бармауға тырысу керек. Дәрiгердiң рұқсатынсыз дәрiлердi сатып алмаған жөн.
– Кейбiр ғалымдар “доңыз тұмауы 7 миллион адамның өмiрiн қиюы мүмкiн. Тiптi, ХХ ғасырдағы “испанка” тұмауы мұның қасында ойыншық секiлдi болып қалады”, – десе, ендi бiрi: “Бұл да құс тұмауы секiлдi тез басылады”, – деп сәуегейлiк танытуда. Бұл жөнiнде не айта аласыз?
– Мен – дәрiгермiн. Дәйек пен дәлелге ғана сенемiн. Сәуегейлiкке сенбеймiн.
Соңғы кездерi Қазақстанда доңыз тұмауын жұқтырушылардың саны тiркелмедi. Әрине, бұл бiз, үшiн қуанарлық жайт. Әйтеуiр, Англиядан – 13, Испания, Германия, АҚШ пен Ұлыбританиядан орал¬ғандардан бiр-бiр оқиғадан анықталғаны белгiлi. Ол науқастардың барлығы емделдi, сауықты. Мамандардың мәлiмдеуiнше, аурулардың асқынғаны, өлгенi туралы оқиғалар жоқ.
Қазiр A(H1N1) тұмау пандемиясынан республика халқын қорғау жөнiндегi жағдай Денсаулық сақтау министрлiгiнiң тұрақты бақылауында. A(H1N1) пандемиялық тұмауын алдын алу Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы мен ДДСҰ семинар-конференциялар өткiзiлiп жатыр. Барлық дәрiгерлер доңыз тұмауы туралы хабардар. Тек жоғарыда айтылған белгiлер адам бойынан бiлiнсе, онда өз бетiнше емделмей, жедел дәрiгерге барған дұрыс.
– Әңгiмеңiзге рақмет!
Әңгiмелескен Сәлима Ысқақова.

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Мөлдір | 9 желтоқсан 2009 20:45
Егерде бұл тұмау Қазақстанға келсе, бізде осыған қарсы дәрі- дәрмектер жеткілікті мекен. Бірақ АЛЛА сақтасын.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті