1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Тележүргiзушi Аружан Сайын президенттi «Такси» телеойынына шақырып, 37000 теңге ұтып алуға болатынын айтты. Бұған Н.Назарбаев неге үндемеді?
Жүлде қорын қомсынғандықтан (17.8%)
Интелектуалдық қарым-қабiлетiне күмәнданғандықтан (24.3%)
Ресейден алынған көшiрме бағдарлама қызықтырмағандықтан (14.4%)
Ойын-сауықпен әуестенетiн жастан әлдеқашан өтiп кеткендiктен (43.6%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №05 (15463) 19 қаңтар, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы. Дайындайтын Салима ЫСҚАҚОВА
19 қаңтар 2010
«Қызым менен суып кете ме?..» деп қорқамын

– Қызым қазақ мектебiнiң оқушысы. Жасы – 14-те. Кейiнгi кезде сыныптас қызының үйiне қонуға жиi сұранғыштап жүр. Екi рет жiбердiм. Соңғы рет жiбермей қойған едiм, түнiмен жылап, келесi күнi қырсығып, сабаққа да бармай қойды. Әкесi сөйлескеннен соң маған өкпелегенiн қойды. Тағы бiр күнi осы жағдай қайталанса, не iстеуiм керек? Жiбермей қойсам, «қызым менен суып кете ме?» деп қорқамын.

Алма Б.
Алматы.
 
– 14 жаста әр қыздың өз құпиясы болады. Жақын досымен сырласқысы келедi. Сыныптас болғаннан соң, ортақ әңгiмелерi де көп болады. Әрине, олай болса жақсы. Ал егер сiзге өтiрiк айтып, түнгi клубтарға, дискотекаларға барып жүрсе, түнiмен қыдырып, сабақ оқымай, ертеңгiсiн мектепке бармай қалса, мiне, бұл – ең қауiптi жайт.
Қызыңыз сұранған кезде сiз сыныптас досының анасымен сөйлесiңiз. Танымасаңыз, танысыңыз. Егер қызыңыз ол кiсiмен сөйлесуiңiзге қарсы болса, телефон нөмiрiн бермесе, онда қызыңыздан күдiктенгенiңiз дұрыс.
Қызыңыз сiзден «суып» кетпес үшiн, онымен дос, сырлас болыңыз. «Анасымын, одан үлкенмiн, қайтсем де айтқаныма көндiремiн» деген ойдан аулақ болыңыз. Ұрыс-керiспен ұл-қызыңызды өзiңiзден алшақтатып жiбересiз. Жұмыстан шаршап, дiңкеңiз су көтермей тұрса да, қызыңызға көңiл бөлуге тырысыңыз. «Бiреудiң үйiне қона беруге болмайды. Жақын досың болса да. Мәдениетсiздiкке жатады. Ал сен менiң дүниедегi ең тәрбиелi, ең мәдениеттi қызымсың», – деп құшақтап бетiнен сүйiңiз. Өзiңiздiң жастық шағыңыздың қалай өткенiн әңгiмелеңiз. «Математика сабағынан бiзге сабақ берген мұғалiм... » деп өз ұстаздарыңызды еске ала отырып, «сенiң ұстаздарың қалай?..» деп сыр суыртпақтаңыз. Театрға ертiп барыңыз, кiтап әкеп берiңiз. «Достарыңды үйге шақыр», – деңiз. Жекiмеңiз, көп ақыл айта бермеңiз, керiсiнше, қызыңызбен «не iстесем екен?» деп ақылдасып отырыңыз. Өзiңiзбен тең ұстаңыз.
 
Беттi дайындаған – Сәлима Ысқақова
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Бөкен | 2 ақпан 2010 17:19
Қызды қырық жерден тыйу деп бекер айтпаса керек Қызым менен суып кетеді деп беталды қояберсеңіз жақсылыққа апармайды Баласының әр қадамын қадағалау әке шешенің міндеті Қызыңыз қалағанын істеп сізге қыр көрсетсе ешқашан осалдық қылмаңыз Уақыт келе өзі түсінеді Аллаһ алдында жүзіңіз жарық болады
Жанар Сейсенбаева | 18 ақпан 2010 15:46
Қыз баланың тәрбиесі өте ауыр. Себебі қаз ертеңгі ана. Қыз бала тәрбиесіне ата-бабаларымыз ерекше көңіл бөлген. Қыз баланы дос қызының үйіне болса да жіберуге болмайды. Қыз бала анасынан ешқашан суып кетпесі анық. Ол ойының дұрыс еместігін бүгін түсінбесе де, алдағы уақытта түсірені анық.
Нұрлан_Дос | 2 мамыр 2010 17:16
14 жас өтпелі кезең ғой (переходный возраст). Бұл кезде қай жасөспірім болмасын ата-ананың сөзінен гөрі достарының ақылын артығырақ көреді. "Қарағайға қарап тал өседі, қатарына қарап бала өседі"-демей ме қазақ. Алдымен араласатын достарын танып алыңыз. Содан соң қыз баланың бөтен кісінің үйіне қонуы үлкен әбестік.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті