1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
2 шілде 2013
Отбасы ақпарат
ҚАЗАҚҚА ЖАТ СОТ ПРОЦЕСI ӨТУДЕ
Ақтөбеде абысындар арасында дау өршiп, оның арты сотқа шағымдануға апарып соққан. Екi ағайынды азаматтың келiншектерi үйге таласып, соттасуда. Атадан бiрiне мал, ал екiншiсiне үй қалса керек. Кейiн екеуi өзара келiсiп, бiрi малды, екiншiсi үйдi өзара айырбастайды.
2 шілде 2013
Еркектердiң 90 пайыздық ерекшелiктерi
“Бiреудiкi бiреуге ай көрiнедi” дегендi еркектердiң 90 пайызы iштей кемiнде жүз рет қайталайды. Кә­дуiл­гi қораздар секiлдi 90 пайыз еркек көп әйелi болғанын қалайды. Алайда бұл тек көңiлдегi “арман” ғана. 90 пайыз ерлер әйелiне серiк болып, көше қыдырғысы келмейдi. Ал әйелiмен көше қыдырып жүрген еркектердiң 90 пайызын әйелдерi ертiп алғандар.
2 шілде 2013
Сәбилi болуға көмектескен дұға
Өз басымнан өткен жағдайды баяндай отырып, баласыздықтан уайым кешкендерге аз да болса септiгiм тисiн деген мақсатта осы хатты жолдап отырмын. Бой жеткен шағымда науқастанып, ауруханаға түскенiм бар. Сол шақта гинеколог дәрiгерлер “суықтағансың” деп бiраз ем-дом жасады. Алайда мендегi негiзгi дерттi ашып айтпады.
2 шілде 2013
Жапон баласы ұлттық мүдденi бәрiнен жоғары қояды
ӘЛЕМ ЕЛДЕРI ТӘРБИЕСIНДЕГI ЕРЕКШЕЛIКТЕР
Этнопедиатрия – бала тәрбиесiндегi әр елдiң өзiндiк ерекшелiктерiн оқытатын ғылым. Дүние есiгiн ашқан сәттен-ақ қашан және қанша уақыт ұйықтау, тамақтану керектiгiн “бiлетiн” сәбилердiң ата-анасымен “сөйлесуi” де шартты рефлекс арқылы жүзеге асады. Әйтсе де, өз қалауы жөнiнде белгi беру тәсiлдерi әр ұлттың баласында түрлiше болады.
2 сәуір 2013
Абысын тату болса...

Жеңгем алғаш келiн болып босағаны аттағанда, менiң жасым небәрi он төртте болатын. Ауылдағы өзге қыз-келiншектерден бұл жеңгемнiң үлкен ерекшелiгi бiрден көрiндi. Қала көргенi бар, оның үстiне дәулеттi отбасыдан шыққаны бар, әйтеуiр Бейбiт жеңгем басқаларға ұқсамайтын.  Ойындағысын iрiкпей, тура айтарлық қайсарлығынан қаймығатынбыз. Тiптi киiм киiсi де жаңаша үлгiмен болатын.

2 сәуір 2013

Сөз байласып жүргенде ерлер әйелдердi жұлдыз, күн, перiштеге теңейдi. Ал шаңырақ көтергеннен кейiн ерлер аспан әлемiн жалғыз иемденiп, сүйген жарының қадiрi кетiп қалады.  Неке – қолшатыр сияқты. Жауын-шашында, ыстық аптапта көп септiгiн тигiзедi. Ал ашық күндерi ол аяққа оралғы сияқтанып тұрады. Бiрақ

2 сәуір 2013
Пайдалы кеңестер

Ай сайын коммуналдық қызметке төленетiн ақша кiмге де болса жеңiл тимейдi. Оның үстiне су, жарық, жылудың бағасы жиi-жиi қымбаттауда. Осыған орай электр қуатын үнемдеудiң бiрнеше қарапайым тәсiлдерiн оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдiк.

2 сәуір 2013
ЕНДI ТОЙҒА ДА САЛЫҚ ТӨЛЕЙМIЗ
Сенiмдi дерек көздерiне қарағанда дүйсенбi күнi қолданыстағы «Қазақстан Республикасы неке және отбасы туралы» Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлетiн көрiнедi.Алдын ала алынған мәлiметтерге сенер болсақ, жаңа баптардың бiрқатары елiмiздiң тұрғындары үшiн мүлде таңсық.
2 сәуір 2013
Келiннiң кесiрлiгi енесiнен емес пе?

“Отбасы” қосымшасында жарияланған “Кесiр келiн” мақаласын оқып, ерiксiз қолыма қалам алдым. Мақала өте орынды, өзгелерге сабақ болатындай үлгiмен жазылған. Әйтсе де, өз басымдағы жайтты оқырманмен бөлiсудi жөн санап, келiннiң кесiр болатын себептерi кейде енесiмен тiкелей байланысты екенiне тоқталғым келдi.

26 ақпан 2013
Арақ iшуден де алға шықтық

Өз-өзiне қол жұмсау, яғни суицидтен әлем бойынша екiншi орынға көтерiлген Қазақстан арақ iшуден де алға шықты. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының спирт iшiмдiктерiн тұтынуға қатысты әлем бойынша жүргiзген арнайы зерттеуiнде Қазақстан 188 елдiң арасынан 34-орыннан көрiнген. Орталық Азия елдерiмен салыстырсақ, бұл тiзiмде

26 ақпан 2013

Қыздар кейде жiгiттiң көзқарасын дұрыс анықтай алмай жатады. Жанарына бiреу қадала қалса, табан астында жылы сөйлей қалса, өзiне ғашық екен деп ойлап қалады. Сөйтедi де, сол жiгiттiң өзiне келiп жүрегiн ұсынғанын күтедi. Ал жiгiт ол ару жайында қандай ойда? Онда қыздың шаруасы жоқ. Өзiн-өзi алдап, оның келер жолын тосып жүре бередi. Бәлкiм, төмендегi жолдарды оқып, ойланып көргеннiң артығы болмас, қалай ойлайсыз?

26 ақпан 2013
Екеудiң құпиясы

Құрметтi редакция, “Отбасы” қосымшасында түрлi ой саларлық дүниелер жарияланатыны өте ұнайды. Отбасылы адам­ға ғана емес, болашақ ерлi-зайыптыларға да арналған тақырыптарды көбiрек көтерсеңiздер деген тiлегiм бар. Мысалы, мен әлi тұрмыс құрмаған қызбын. Алдағы уақытта газет қосымшасы арқылы жұбайлар жарастығы жөнiнде кеңес беру тұрғысындағы материалдар жарияласаңыздар екен.

26 ақпан 2013
Жәрдемақыдан қағу демографияға сына қағу болмай ма?

Ақпанның 17-сiнен бастап Қазақстанда күшiне енетiн әлеуметтiк сақтандыру заңындағы өзгерiстерге сәйкес, айлығы 186 мың теңгеден ($1=150 теңге) асатын әйелдерге жүктiлiк пен бала тууға байланысты берiлетiн бiр реттiк төлем бұрын­ғы мөлшерiнен қысқартылмақшы. Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда әлеуметтiк сақтандыру қорына ақша аударатын 2 миллион 800 мың әйелдiң 1,2 пайызы ғана 186 мың теңгеден көп айлық алады.

9 қаңтар 2013
Ерлер қанша азап тартса да, өкiнбейдi. Ал әйелдер көбiнде өкiнiп жүргенiмен, азаптануды қаламайды.
Ерлер қызметте табысқа жетедi. Ал әйелдер табысқа жеткенде, жалғыз қалады.
Ерлер үнемшiл болса, “шық бермес шығайбай” көрiнедi, ал әйелдер ақша тежесе, үнемшiл көрiнедi.
9 қаңтар 2013

Статистикалық деректер бойынша, Қазақстанда жыл сайын 3 мың әйел сүт безiнiң қатерлi iсiгiне шалдығады екен. Соңғы кездерi қыз-келiншектер арасында кең тарала бастаған бұл сырқаттың алдын алумен отандық мамандар қаншалықты күрессе де, жылдан-жылға сүт безiнiң сырқаты ұлғайып барады. Әлемде кең тараған қатерлi iсiк түрлерiнiң бiрi әрi онкологиялық аурулардан

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»