1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы. Дайындайтын Меруерт Хусаинова
16 ақпан 2016
Бірі – шекер, бірі – бал
Өмірде жиі кездесетін бір жағдай бар. Ол – бала қызғанышы. Яғни үйдегі тұңғыш бала ата-анасын қызғанады. Көбінесе өзінен кіші бауырынан. Ал неге бұлай? Осының астарына үңіліп көрейікші... Мамандардың пікірінше, бала ең әуелі ата-анасының ықыласын жоғалтып алудан қорқады. Сол кезде қызғана бастайды. Бұл – заңды құбы­лыс. Өйткені ата-ана көп уақытын, бар ықыласы мен қамқорлығын жаңа туылған сәбиге арнайды.
16 ақпан 2016
Мүшелде не мән бар?..

Ертеректе үлкен кісілердің ешқайсысы жасын айтпайтын. «Қаншаға келдіңіз?» десең, мысалы, «барыс жылы туғам, биыл мұнша мүшелдемін» дейтін. Ал өзіміздің ата-әжелеріміз немерелерінің мүшел жасына ерекше мән беретін. «Мүшелден аман өтсін» деп, жақсы көретін бір затын ба, киімін бе, ырымдап біреуге беріп жататын. Бәрі сенімге байланысты ма, әлде шынымен де солай ма, әйтеуір мүшел жастан кәдімгідей шошитын едік.

16 ақпан 2016
Екеудің құпиясы – ерекше құпия
Жұбайлық жарасым әліппесі
Әдетте, жаныңа балаған жақын адамыңнан ештеңе жасырғың келмейді. Бірақ кейде солай істеудің қажеті бар ма, жоқ па?! Міне, бұл – назар аударарлық нәрсе. Егер де психологтар немесе әлеуметтанушылар ажырасудың себептерін ашып көрсетер болса, бұл құбылыстың жалпыға түсінікті сыртқы себептерімен қатар, бір қарағанда аса байқала қоймайтын басқа да қалтарыстары барын аңғарар еді.
8 желтоқсан 2015
Менiң аппақ жеңешем
Ауылға барған әрбiр туысымыз ол үйге соқпай кетпейдi. Өйткенi ол үйде бүкiл ағайынға сыйлы жеңгемiз Бибiгүл бар. Екi үлкен көшенi жағалай жайғасқан 15-20 үйлi бiр атадан тараған ағайын-туыстың әрбiрiнiң шаңырағында бiр ақжаулықты бар ғой. Бiрақ үлкен-кiшi үшiн Бибiгүл жеңгемiздiң орны бөлек. Ағайын-туыстың ауылына көшiп барғанымызда менiң жасым 10-да едi. Өзiм қатарлас бала-шаға күнұзақ ойнайтын жер де, тамақтанып, жататын орын да сол Бибiгүл жеңгемнiң үйi болатын.
8 желтоқсан 2015
Үйленудiң 5 түрi

Өмiр болған соң үй болып, отбасын құрудың түрлi формалары көрiнiс тауып жатады. Адам өмiрiнде екеу болып, шаңырақ көтерудi маңызды iс деп бiлемiз. Бiрақ отау құрғандардың жүз пайызы да махаббаттың әлегiне түспей-ақ үйлене салады. Некенiң қиылуы үшiн махаббат қана керек емес деп бiледi. Бүгiнгi қоғамда үйленудiң қандай жолдары бар? Қандай себептер некеге апарады?

8 желтоқсан 2015
Адамның қолына қарап ауруларды анықтау
Медицина ғылымы адамның денсаулығы туралы көптеген мәлiметтер алуға болатындығын анықтап отыр. Адамның қолы, яғни саусағы, алақаны, тамырлары, терiсi, тiптi, тырнақтарының орналасуы, ұзындығы арқылы аурудың бар-жоқтығын, дерттiң болу- болмауын бiле аласыз. Денсаулығы мықты адамдардың саусақтары иiлгiш келедi екен.
8 желтоқсан 2015

Көршiм ауырып, төсекке таңылғанын естiп, арнайы барғанмын. Көңiлiн сұрап, тезiрек сауығуына тiлектестiк бiлдiрiп қайттым. Сол барғанымда оның үйiнде он шақты ағайын-туыстары да көңiл сұрап келiп отырғанын көргенмiн. Көршiм Исаның отбасында үйелмелi-сүй­ел­мелi төрт баласы, қарт шешесi бар. Әйелi бала күтiмiмен үйде. Жалғыз Исаның тапқан ақшасымен күнелткен отбасының туған-туыстары бақуат тұратын сияқты. Өзiм барғанда кездестiрген туыстары ылғи “Джиппен” жүрген байшыкештердей көрiндi.

8 желтоқсан 2015
Бiзге не болып барады?
Қоғамдық қабылдауға 35-40 жас аралығындағы қазақ келiншек келдi. Үш баласымен күйеуден ажырасқанын, күйеуi үш балаға алимент төлемей, қашып жүргенiн айтып жылады... Осы келiншектiң iзiн суытпай елудi еңсерген тағы да қазақ әйелi келдi. Тiршiлiк құқайынан әбден тозған, шаршаған. Бес баласы бар, күйеуi iшiмдiкке салынған, өзi жұмыссыз... Жүрек сыздатады... Махамбетше айтсақ, елi үшiн “Ереуiл атқа ер салған, егеулi найза қолға алған” қазақ азаматтары қайда? Қолына найза алмай-ақ қойсын, күрек алып болса да “қара қазан, сары бала қамы үшiн” еңбек етсе
27 қазан 2015
Ерiңiздi мақтай бiлесiз бе?
Сүйiктiңiзге, күйеуiңiзге махаббатыңызды жеткiзудiң бiр тәсiлi – оны мақтау. Мақтауыңыз шынайы болу керек. Кез келген iсiне алғыс, өзiне мақтау сөздердi айтып жүрсеңiз, ерiңiзге майдай жағары сөзсiз. Сiз ерiңiздi қалай мақтайсыз? Ерiңiздiң сымбатты екенiн айтыңыз. Спортпен айналысатын болса, денелi, тұлғалы екенiн жеткiзiңiз. “Сiздiң қорғаныңыз, арқа сүйер тiрегiңiз” екенiн жиi айту арқылы өзiңiздiң әйелге тән нәзiктiгiңiздi, еркелiгiңiздi ұмыттырмайсыз.
27 қазан 2015
Қызымның жалғыздығы жаныма батады
Жатсам да, тұрсам да жанымды жегiдей жейтiн уайымым бар. Дүниеге бес бала әкелген анамын. Құдайға шүкiр, төрт балам үйлi-баранды, балалы-шағалы. Тек тұңғыш қызым әйел бақытын сезiнбеген күйi өмiрден өтетiн болды. Бұл күнде жасы елуге таяған қызым жалғыз күн кешуде. Тұрмыс құрмады. Балалар мектеп жасындағы кезде отағасы кенеттен бақилық болып, тұрмыстың ауыртпалығы осы тұңғыш қызым екеумiздiң мойнымызға түстi.
27 қазан 2015
Сәлем салу – ширк емес
Сәлем салу – ертеден келе жатқан дәс­түрiмiз. Алайда келiндердiң сәлем салуы дұрыс емес дегендi естiп қалдым. Дiнiмiзде сәлем салу дұрыс емес пе сонда? Иiлiп сәлемдесуге ешбiр көрнектi ислам ғалымы “ширк” деп үкiм шығармаған. Пай­ғамбарымыздың (с.ғ.с.) “Иiлiп сәлем бермеңдер, олай iстеу «Алла тағалаға серiк қосуға жатады, яки тозақта азапталасыңдар» деген тәрiздi еш­бiр хадисi жоқ.
27 қазан 2015

Дәрiгерге келген келiншек: “Не iстерiмдi бiлмеймiн. Сiздiң көмегiңiз керек. Екi балам бар. Бiрi бiрiншi сыныпқа барады. Ал екiншiсi әлi бiр жасқа да толған жоқ. Өкiнiшке қарай, аяғым ауырлап қалыпты. Бiрiнен кейiн бiрiн туып, миым ашитын түрi бар. Сол себептi iштегi баланы алдыртып тастағым келедi”, – дейдi. Бiр сәт ойланып қалған дәрiгер: “Олай болса, сiзге қауiпсiздеу түрiн ұсынайын”, – дейдi. Дәрiгердiң сөзiне разы болған келiншек басын изеп, келiскен сыңай танытады.

27 қазан 2015
ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН ӘДЕТТЕР
Ағылшын ғалымдары қатыгездiк пен қорқақтық секiлдi рухани дерттердiң де тұқым қуалайтынын анықтады. Клиникалық орталық қызметкерлерi жеке адамның бойындағы үрей мен оның ашушаң мiнезi тегiне байланысты деген тұжырым жасады деп жазады “Сегодня” басылымы. Букингем университетiнiң зерттеушiлерi адам бойындағы қорқыныш пен мейiрiмсiздiк тұқым қуалайтын қасиет екенiне әбден көз жеткiздi.
27 қазан 2015
Ата-анамыздың атына тек алғыс алайық
Бала күнiмiзде әкемiзден гөрi анамыздың ықпалы мықты болғаны рас. Әлi есiмде, шешем “олай етпе, бұлай етуге болмайды” деген сынды сөздер айта бастаса, “неге?” деп сұраудан жалықпайтынмын. Сондайда анамның тапқырлығы ма, басқалай ма, әйтеуiр ол кiсi “солай етпейтiндей” етiп, санамды иландырып қоятын. Ол кезде суды көшенiң басындағы құдықтан таситынбыз. Сонда үнемi байқайтыным, шешем жолдың жиегiмен жүретiн де, үйге таяғанда келесi бетке өту үшiн оң-сол жағына қарап, содан кейiн ғана өтетiн.
8 қыркүйек 2015
Жiгiттерге қыздардың қандай киiмi ұнамайды?

“Адам көркi – шүберек” демекшi, қыз балаға киген киiмi ерекше сән берiп, бойындағы сенiмдiлiгiн арттыра түседi. Осы тұста “қыздар кiм үшiн киiнедi?” деген орынды сұрақ туады. Бiрi «өзiм үшiн» десе, екiншiлерi «жiгiттер үшiн» дейдi. Үшiншiлерi өзге қыздардан ерекшелену үшiн әдемi киiнетiнiн айтады. Жауаптың қайсысы дұрыс екенiн әркiм өзi шеше жатар. Кiм үшiн киiнсек те, ер-азаматтардың назар аударатыны анық.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»