1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15444)   17 тамыз, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
7 маусым 2016

Сұрақ-жауап

Ангинаны алдырып тастауға болады деп естiдiм, бұл қаншалықты дұрыс?
Алтынай НҰРҒАЛИ,
Талдықорған.
7 маусым 2016
Жанұялық өмiрдiң 11 қағидасы
Көнекөз қариялардың тұр­мыстық танымдары шынайы өмiрмен керемет қабысатыны сонша, кәдеге жарар кеңестi көп жағдайда солардан тауып жатамыз. Ендi ұрыс-керiстi болдырмай, отбасын сақтау үшiн ата-әжелерiмiз ұстанған басты ережелерге назар аударып көрейiк. Мүмкiн, соның арқасында олар 40-50-60 жыл бойы тiзе қосып, тiршiлiк еткен болар?
12 сәуір 2016

Қазақтың ұлттық сусыны– қымыздың денсаулыққа пайдасын айтпағанда, тері күтіміне де жағымды әсері көп. Сол себепті, бүгінде ол косметика саласында кеңінен қолданыла бастады. Адам ағзасын, терісін жасартатындықтан, қымыздан шашқа арнайы маскалар жасалады. Ал Германияда қымыздан түрлі әтірлер мен сабындар жасау өндірісі дамып келе жатыр.

12 сәуір 2016
«Бұйрық жоқ» деп бұлаңдап жүре бере ме?

Демограф ғалым Мұқаш Тәтімнің соңғы деректеріне жүгінсек, бүгінгі таңда Қа­зақ­станда 270 мыңнан астам кәрі қыздар бар екен. Оның 200 мыңға жуығы – өзіміздің қара­көздеріміз. Тұрмыс құр­ма­ған қыздар саны күн санап өсе түсуде. Адамның ғана емес, бұл қоғамның да қасіре­ті шығар. «Оқуымды бітіріп алайын. Содан соң елге барып, екі-үш жыл жұмыс іс­тейін, ата-анама еңбегімнің жемісін жегізейін»

12 сәуір 2016
Қалташадағы тауық
Тауық еті бағзы заманнан бері ауыр науқас­тардың әлденуі үшін таптырмас тағам ретінде белгілі. Өйткені, ол сіңімді, сондай-ақ, дәрумендер мен минералдарға бай, қан айналымын ретке келтіреді, шаш пен терінің жағдайын жақсартады, жүйке жүйесін нығайтады. Сондықтан тауық еті көптеген халықтардың ас мәзірінде кеңінен қолданылады.
Отбасының сүйікті асына айналар ерекше тағамның бірі– «Қалташадағы тауық».
12 сәуір 2016
Есімдер құпиясын ескерейік
Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады. Ойлап көріңізші, Даяна, Диана, Диас, Аруна, Аслан, Рифхат, Равиль деген есімдерде не мағына бар? Мамандар адамның есімі болашағына, тағдырына әсер ететінін растайды. Мысалы, Батыр, Азамат, Алпамыс, Қайрат, Қайсар сияқты қатқыл есімді балалар өмірде батыл
12 сәуір 2016
Семіздік жайлап кетпесін десек...

Бүгінгі өзекті мәселе – адамзат қозғалыстан қалып барады. Қоғам дамыған сайын қол еңбегінің көпшілігін тұрмыстық техникалар атқарады. Жұмыста да, үйде де аз қозғаламыз. Жаяу жүретіндер де сирек. Соның салдарынан семіздік елдің көпшілігінің бас ауруына айналды.

16 ақпан 2016
Қара ұннан қашпаңыз
Дастарқанынан бауырсақ үзілмейтін қазақтың ас мәзірін ұннан жасалатын тағамдарсыз елестету қиын. Бірақ ұн таңдай білеміз бе? Дүкеннен алғанда нені ескерген жөн? Мұны білгіңіз келсе, мына кеңестерге назар аударыңыз. Ұнның негізгі үш түрі бар. Олар – жоғарғы сұрыпты, бірінші сұрыпты және екінші сұрыпты ұн. Жұрттың көп алатыны – жоғарғы сұрыпты ұн. Мұн­дай ұн тоқаш, торт, тәтті нан пісі­ру­ге пайдаланылады.
16 ақпан 2016
Әйелдің опасыздығын кешіруге болмайды

Көптеген елдерде еркектің өз әйелінен бөлек әйелмен жүріс жасауын қаперге алмау, тіптен кешіру мәдениеті қалыптасқан. Бірақ ері бар әйелдің бас еркекпен ойнас болуы ешқашан кешірілмеген, кешірілмейді және қатаң жазаланады. Тіпті кейбір халықтарда еркегіне жеңіл жүріске түскен әйелін өлтіруге де рұқсат етілген. Ал нәпсіқұмар әйелін қаражатсыз, үй-күйсіз, баласыз, қарақан басын қаңғыртып, көшеге қуып шықса, «жексұрынға өте жеңіл жаза қолданды» деп қоғам еркекті айыптаған да.

16 ақпан 2016
Бірі – шекер, бірі – бал
Өмірде жиі кездесетін бір жағдай бар. Ол – бала қызғанышы. Яғни үйдегі тұңғыш бала ата-анасын қызғанады. Көбінесе өзінен кіші бауырынан. Ал неге бұлай? Осының астарына үңіліп көрейікші... Мамандардың пікірінше, бала ең әуелі ата-анасының ықыласын жоғалтып алудан қорқады. Сол кезде қызғана бастайды. Бұл – заңды құбы­лыс. Өйткені ата-ана көп уақытын, бар ықыласы мен қамқорлығын жаңа туылған сәбиге арнайды.
16 ақпан 2016
Мүшелде не мән бар?..

Ертеректе үлкен кісілердің ешқайсысы жасын айтпайтын. «Қаншаға келдіңіз?» десең, мысалы, «барыс жылы туғам, биыл мұнша мүшелдемін» дейтін. Ал өзіміздің ата-әжелеріміз немерелерінің мүшел жасына ерекше мән беретін. «Мүшелден аман өтсін» деп, жақсы көретін бір затын ба, киімін бе, ырымдап біреуге беріп жататын. Бәрі сенімге байланысты ма, әлде шынымен де солай ма, әйтеуір мүшел жастан кәдімгідей шошитын едік.

16 ақпан 2016
Екеудің құпиясы – ерекше құпия
Жұбайлық жарасым әліппесі
Әдетте, жаныңа балаған жақын адамыңнан ештеңе жасырғың келмейді. Бірақ кейде солай істеудің қажеті бар ма, жоқ па?! Міне, бұл – назар аударарлық нәрсе. Егер де психологтар немесе әлеуметтанушылар ажырасудың себептерін ашып көрсетер болса, бұл құбылыстың жалпыға түсінікті сыртқы себептерімен қатар, бір қарағанда аса байқала қоймайтын басқа да қалтарыстары барын аңғарар еді.
8 желтоқсан 2015
Менiң аппақ жеңешем
Ауылға барған әрбiр туысымыз ол үйге соқпай кетпейдi. Өйткенi ол үйде бүкiл ағайынға сыйлы жеңгемiз Бибiгүл бар. Екi үлкен көшенi жағалай жайғасқан 15-20 үйлi бiр атадан тараған ағайын-туыстың әрбiрiнiң шаңырағында бiр ақжаулықты бар ғой. Бiрақ үлкен-кiшi үшiн Бибiгүл жеңгемiздiң орны бөлек. Ағайын-туыстың ауылына көшiп барғанымызда менiң жасым 10-да едi. Өзiм қатарлас бала-шаға күнұзақ ойнайтын жер де, тамақтанып, жататын орын да сол Бибiгүл жеңгемнiң үйi болатын.
8 желтоқсан 2015
Үйленудiң 5 түрi

Өмiр болған соң үй болып, отбасын құрудың түрлi формалары көрiнiс тауып жатады. Адам өмiрiнде екеу болып, шаңырақ көтерудi маңызды iс деп бiлемiз. Бiрақ отау құрғандардың жүз пайызы да махаббаттың әлегiне түспей-ақ үйлене салады. Некенiң қиылуы үшiн махаббат қана керек емес деп бiледi. Бүгiнгi қоғамда үйленудiң қандай жолдары бар? Қандай себептер некеге апарады?

8 желтоқсан 2015
Адамның қолына қарап ауруларды анықтау
Медицина ғылымы адамның денсаулығы туралы көптеген мәлiметтер алуға болатындығын анықтап отыр. Адамның қолы, яғни саусағы, алақаны, тамырлары, терiсi, тiптi, тырнақтарының орналасуы, ұзындығы арқылы аурудың бар-жоқтығын, дерттiң болу- болмауын бiле аласыз. Денсаулығы мықты адамдардың саусақтары иiлгiш келедi екен.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»