1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15444)   17 тамыз, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
8 желтоқсан 2015

Көршiм ауырып, төсекке таңылғанын естiп, арнайы барғанмын. Көңiлiн сұрап, тезiрек сауығуына тiлектестiк бiлдiрiп қайттым. Сол барғанымда оның үйiнде он шақты ағайын-туыстары да көңiл сұрап келiп отырғанын көргенмiн. Көршiм Исаның отбасында үйелмелi-сүй­ел­мелi төрт баласы, қарт шешесi бар. Әйелi бала күтiмiмен үйде. Жалғыз Исаның тапқан ақшасымен күнелткен отбасының туған-туыстары бақуат тұратын сияқты. Өзiм барғанда кездестiрген туыстары ылғи “Джиппен” жүрген байшыкештердей көрiндi.

8 желтоқсан 2015
Бiзге не болып барады?
Қоғамдық қабылдауға 35-40 жас аралығындағы қазақ келiншек келдi. Үш баласымен күйеуден ажырасқанын, күйеуi үш балаға алимент төлемей, қашып жүргенiн айтып жылады... Осы келiншектiң iзiн суытпай елудi еңсерген тағы да қазақ әйелi келдi. Тiршiлiк құқайынан әбден тозған, шаршаған. Бес баласы бар, күйеуi iшiмдiкке салынған, өзi жұмыссыз... Жүрек сыздатады... Махамбетше айтсақ, елi үшiн “Ереуiл атқа ер салған, егеулi найза қолға алған” қазақ азаматтары қайда? Қолына найза алмай-ақ қойсын, күрек алып болса да “қара қазан, сары бала қамы үшiн” еңбек етсе
27 қазан 2015
Ерiңiздi мақтай бiлесiз бе?
Сүйiктiңiзге, күйеуiңiзге махаббатыңызды жеткiзудiң бiр тәсiлi – оны мақтау. Мақтауыңыз шынайы болу керек. Кез келген iсiне алғыс, өзiне мақтау сөздердi айтып жүрсеңiз, ерiңiзге майдай жағары сөзсiз. Сiз ерiңiздi қалай мақтайсыз? Ерiңiздiң сымбатты екенiн айтыңыз. Спортпен айналысатын болса, денелi, тұлғалы екенiн жеткiзiңiз. “Сiздiң қорғаныңыз, арқа сүйер тiрегiңiз” екенiн жиi айту арқылы өзiңiздiң әйелге тән нәзiктiгiңiздi, еркелiгiңiздi ұмыттырмайсыз.
27 қазан 2015
Қызымның жалғыздығы жаныма батады
Жатсам да, тұрсам да жанымды жегiдей жейтiн уайымым бар. Дүниеге бес бала әкелген анамын. Құдайға шүкiр, төрт балам үйлi-баранды, балалы-шағалы. Тек тұңғыш қызым әйел бақытын сезiнбеген күйi өмiрден өтетiн болды. Бұл күнде жасы елуге таяған қызым жалғыз күн кешуде. Тұрмыс құрмады. Балалар мектеп жасындағы кезде отағасы кенеттен бақилық болып, тұрмыстың ауыртпалығы осы тұңғыш қызым екеумiздiң мойнымызға түстi.
27 қазан 2015
Сәлем салу – ширк емес
Сәлем салу – ертеден келе жатқан дәс­түрiмiз. Алайда келiндердiң сәлем салуы дұрыс емес дегендi естiп қалдым. Дiнiмiзде сәлем салу дұрыс емес пе сонда? Иiлiп сәлемдесуге ешбiр көрнектi ислам ғалымы “ширк” деп үкiм шығармаған. Пай­ғамбарымыздың (с.ғ.с.) “Иiлiп сәлем бермеңдер, олай iстеу «Алла тағалаға серiк қосуға жатады, яки тозақта азапталасыңдар» деген тәрiздi еш­бiр хадисi жоқ.
27 қазан 2015

Дәрiгерге келген келiншек: “Не iстерiмдi бiлмеймiн. Сiздiң көмегiңiз керек. Екi балам бар. Бiрi бiрiншi сыныпқа барады. Ал екiншiсi әлi бiр жасқа да толған жоқ. Өкiнiшке қарай, аяғым ауырлап қалыпты. Бiрiнен кейiн бiрiн туып, миым ашитын түрi бар. Сол себептi iштегi баланы алдыртып тастағым келедi”, – дейдi. Бiр сәт ойланып қалған дәрiгер: “Олай болса, сiзге қауiпсiздеу түрiн ұсынайын”, – дейдi. Дәрiгердiң сөзiне разы болған келiншек басын изеп, келiскен сыңай танытады.

27 қазан 2015
ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН ӘДЕТТЕР
Ағылшын ғалымдары қатыгездiк пен қорқақтық секiлдi рухани дерттердiң де тұқым қуалайтынын анықтады. Клиникалық орталық қызметкерлерi жеке адамның бойындағы үрей мен оның ашушаң мiнезi тегiне байланысты деген тұжырым жасады деп жазады “Сегодня” басылымы. Букингем университетiнiң зерттеушiлерi адам бойындағы қорқыныш пен мейiрiмсiздiк тұқым қуалайтын қасиет екенiне әбден көз жеткiздi.
27 қазан 2015
Ата-анамыздың атына тек алғыс алайық
Бала күнiмiзде әкемiзден гөрi анамыздың ықпалы мықты болғаны рас. Әлi есiмде, шешем “олай етпе, бұлай етуге болмайды” деген сынды сөздер айта бастаса, “неге?” деп сұраудан жалықпайтынмын. Сондайда анамның тапқырлығы ма, басқалай ма, әйтеуiр ол кiсi “солай етпейтiндей” етiп, санамды иландырып қоятын. Ол кезде суды көшенiң басындағы құдықтан таситынбыз. Сонда үнемi байқайтыным, шешем жолдың жиегiмен жүретiн де, үйге таяғанда келесi бетке өту үшiн оң-сол жағына қарап, содан кейiн ғана өтетiн.
8 қыркүйек 2015
Жiгiттерге қыздардың қандай киiмi ұнамайды?

“Адам көркi – шүберек” демекшi, қыз балаға киген киiмi ерекше сән берiп, бойындағы сенiмдiлiгiн арттыра түседi. Осы тұста “қыздар кiм үшiн киiнедi?” деген орынды сұрақ туады. Бiрi «өзiм үшiн» десе, екiншiлерi «жiгiттер үшiн» дейдi. Үшiншiлерi өзге қыздардан ерекшелену үшiн әдемi киiнетiнiн айтады. Жауаптың қайсысы дұрыс екенiн әркiм өзi шеше жатар. Кiм үшiн киiнсек те, ер-азаматтардың назар аударатыны анық.

8 қыркүйек 2015
Ерлi-зайыптыларды дуамен ажыратуға бола ма?

Ел арасында: “дуалап қойыпты”, “басын айналдырып алыпты”, “күйеуiн сиқырлап тастапты” дегендi естiп жатамыз. Бiреудiң күйеуiне екiншiсi тиiп, тiптi кейбiреудiң анасы, енесi, әпке-сiңлiлерi араласып, тәуiп жағалап, бiрiн-бiрi азғырып жүрген адамдар көбейе бастады. Кейбiреулер үйiнен ине, жастығының астынан тырнақ, жiппен оралған қуыршақ тауып алдық деп жатады. Расында, сиқырлау, дуа деген нәр­се бар ма? Оны кiмдер жасайды?

8 қыркүйек 2015
1. Ашу мен ыза – ақымақтықтың белгiсi. Сондықтан ашуланған адамға дауыс көтерудiң орнына өзiңiз бiр мезгiл дамыл табыңыз. Ренжiсiп, оны да өзiңiздi де қинамаңыз. Өткен iстi қайта қалпына келтiре алмайтындықтан, оның болашақта қайталанбауы үшiн әрекет жасаңыз. Ашық  әңгiме көмектесуi керек.
8 қыркүйек 2015
Балаңыздың тiл тазалығын қадағалаңыз

Былапыт сөз адам тiлiмен қатар пайда бол­ған жоқ. Жүре туындаған. Қазiргi кезде екi сөзiнiң басына жағымсыз сөздi қосып сөйлемейтiн­дердiң қатары кемде-кем. Iшкi эмоциясын сыртқа шығарудың бiр формасы ретiнде қабылдайды. Психологтар оны сыртқы қауiптен өзiн қорғаудың әлсiз амалы ретiнде қарастырады. Ал балалар тiлiндегi “артық” сөздер басқа мәселе. Соған тоқталайық.

8 қыркүйек 2015
Төртем тусаң да... түк жоқ

Таяуда Алматыда 35 жастағы ана дүниеге төртем әкелдi. Төрт сәбиден бөлек Баян Абдуллинаның үш баласы бар. Жетi бiрдей баланың ата-анасы атанған жастарды әкiмдiк өкiлдерi арнайы құттықтап келдi деп ақпарат құралдары жарыса хабар таратты. Алайда сол тараған ақпарға қарап отырып, iштей қатты қынжылдым. Көпбалалы ананы құттықтай барған Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Зәуреш Аманжолова жетi балалы отбасыға баспана беру туралы жақ

21 шілде 2015
Жол апатына жиi ұшырайтын көлiктер

ҚР Iшкi iстер министрлiгi елiмiздегi жол апатына жиi ұшырайтын автокөлiктердi атады. Тiзiмнiң көш басында жапонның “тойо­тасы” көш бастап тұр. Одан кейiнгi орындарды немiстiң Mercedes, Volkswagen және Аudi көлiктерi иеленедi. Бұлар да басқа маркалы машиналарға қарағанда көбiрек апатқа түседi екен. Әйтсе де министрлiк бұл көлiктердiң нелiктен апатқа жиi ұшырайтынын нақты, ашып айтпайды.

21 шілде 2015
Тар шалбар кию қауiптi

Жұмысқа бара жатқан жолда құлаған британиялық келiншек жедел жәрдем жеткенше бiрнеше сағат жатқан. Аяқтары қимылсыз қалған 35 жастағы әйелдi көлiкке дейiн жеткiзу үшiн тағы да уақыт кеттi. Артынша анықталғандай, барлығына оның сол күнi киiп шыққан джинсы шалбары себепшi екен. Өйткенi тар шалбар киiлген кезден бастап, оның аяғындағы қан айналымы бұзылып, ұйып қалыпты. Осының кесiрiнен iсiнген аяқтардан шалбар шешiлмей, дәрiгерлер оны сол жерде қайшымен қиюға мәжбүр болды.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»