1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (16219)   27 сәуір, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
17 ақпан 2015
Келiндердiң құлақтарына алтын сырға
Әбден қиналған көп келiндер, құрбыларына енесi туралы “Не iстесең де жақпайсың! Кереметтей келiнi болса, онымен де сыйыспайтын шығар!” – деп өкпеле­рiн айтып жатады. Келесi жағынан, шынында жағдай сондай жаман ба? Шынымен де ененiң жүрегiне жол тауып, оған жақын адамдардың бiрiне айналу қиын ба? Әрине, кейде шынында да, ене – сөзге келмейтiн, саған қарай құшағын ашып, қадам басуға тырыспайтын қиын жағдайлар болады.
17 ақпан 2015

Сүйел – мүйiздi қабықтармен жабылған эпидермалық түйiршiктер немесе терi қабатына шығатын қабыну. Олар адамның папилломатоздық вирусының кейбiр түрлерiнен таралады. Тары дәнiнен iрi бұршаққа дейiнгi көлемде және сары, сұр түстi болып келедi. Тiкелей қатынастан немесе әртүрлi заттар арқылы да жұғады.

17 ақпан 2015
Нелiктен жалғызсыз?

Қазiргi қоғамда барлығы тез болатыны белгiлi. Уақыт тез өтедi деген сөзге iлесiп адамдар да арпалыса түседi. Дәл осы негiздiң арқасында адамдардың қарым-қатынасы да ұзаққа созылмайтын болды. Яғни, қыз бен жiгiт кездессе, көбiнiң тұжырымы бойынша “көпке бармайды”. Расында да, нәтижесiнде солай болып шығады. Нелiктен? Неге қыз бен жiгiт арасындағы қызығушылық тез өшедi?

17 ақпан 2015
Дәстyрдi шымкенттiктер ойлап тапқан жоқ

Оңтүстiк өңiрде туып өстiм. Арман қуып Алматыға келiп, болашақ жарымды осында кездестiрдiм. Жолдасым Алматы облысының тумасы. “Әр елдiң салты басқа...” дегенге келiн болып босаға аттаған алғашқы    күннен-ақ көзiм жеттi. Қазақстанның басқа өңiрлерiне қарағанда шымкенттiктер туралы айтылатын сөз өте көп қой.

17 ақпан 2015
Бiз неге жұтылуға бейiмбiз осы?

Таяуда қала маңындағы шағын ауылға көшiп барғанбыз. Көршiлерiмiз бiрiнен кейiн бiрi ерулiкке шақырып, жаңа ортамен таныстық басталып кеттi. Ауылдағы отбасылардың саны елу-алпыстан аспайды. Бiрақ байқағаным, күйеуi де, әйелi де қазақ отбасылар саусақпен санарлық қана екен. Маған таяу тұратын бес көршiмнiң бiрiнiң күйеуi қазақ, әйелi өзбек, немесе әйелi қазақ, ерi тәжiк, қарақалпақ т.с.с. Таза қазақ отбасылар үш-төртеу ғана екен сонда.

13 қаңтар 2015

Жұмысқа келген бетiмiз осы едi. Әрiптесiмiз бәрiмiздi елең еткiзерлiк жаңалығымен бөлiстi. “Кеше кешкiсiн үйге кiргенiм сол едi, кiшi ұлым еденде мықшыңдап жатқанын көрдiм. Түкке түсiнбей аң-таң тұрып қалдым. Сөйтсем ол: “Әке, бүгiннен бастап бiздiң үйде жаңа заң өз күшiне ендi. Бүгiннен бастап отбасымыздың әрбiр мүшесi ана тiлiмiзде таза, яғни ешқандай өзге тiлдi араластырмай сөйлеуi керек. Бiз, бiрiншiден, өз ұлтымыз­ға деген мақтанышты сөзбен жеткiзуiмiз керек. Ал ондай сөздер тек ана тiлiнде айтылуға тиiс.

13 қаңтар 2015
Ақшаны үнемдеудiң ережелерi
Ең бiрiншi өзiңiздi бағалаңыз, үнемi табысыңызды көбейтiп отырыңыз. Бұдан артығына лайық екенiңiздi есте сақтаңыз. Егер қазiргi жұмысыңыздың жалақысы аз болса, ойланбастан жаңасын iздеңiз. Немесе қосымша табыс көзiн қарастырыңыз.  Екiншiден, өзiңiз түсiнбеген дүниеге қаржы салмаңыз. Ең алдымен, ұсынылған бизнестiң қалай жұмыс iстейтiнiн анықтаңыз. Көп ақша табу үшiн нар тәуекелге бел буу керектiгiн түсiнетiн шығарсыз. Мұнымен қатар, жұмсаған ақшаңыздың табыс әкелетiнiне сенiмдi болуыңыз керек.
13 қаңтар 2015
Ененiң төрт түрi
Енесiмен бiр шаңырақтың астында тату күн кешу кез келген келiнге оңай соқпасы анық. Сондықтан психологтар ененiң төрт түрiн бөле-жара қа­рап­ты. Ал олармен қарым-қатынас ор­натуда келiнге өзiн солардың ыңғайына бағындыруы керек сияқты.  Белсендi ене – күш-қуаты мой әйел. Мұндай әйелдер көбiнесе ажырасқан немесе күйеуi ерте қайтыс болған жалғызбасты болады. Жас келiннiң отбасы мәселе­лерiне бiлек сыбана араласып ке­тедi. Барлық нәрсеге қол ұшын бередi және барлық жағдайдан хабардар болғысы келедi.
13 қаңтар 2015
Жақсы әйелдiң жанындағы ер азаматы да жақсы
 Ер адамның нағыз ер­кектiк қасиеттерiнiң болуы әйел адамға байланысты. Негiзiнде, ер адам үшiн асыл жарының көрiктiлiгi, ақылдылығы, сымбаттылығы, табысы маңызды емес. Оның қасында ол өзiн қалай сезiнедi, сол маңызды. Расында да, өмiрiңiзде бiр жұпқа қарап “бұлар қалай жұп болды? Екеуi бiр-бiрiне мүлде жараспайды ғой!” деген сәт­терiңiз болғаны анық. Яғни, өзiнiң қасында жүрiп өзiн бақытты, нағыз ер сезiнетiн ер адам әйелiн мәңгi бақи сүйiп өтедi. Ол үшiн не iстеу қажет?
13 қаңтар 2015
БАЛАСЫН САТУҒА МӘЖБҮРЛЕГЕН ЖЕТIСПЕУШIЛIК
Талдықорған қаласының полициясы оқуының ақшасын төлеу үшiн жаңа туған нәрестесiн сатпақ болған жергiлiктi ЖОО студентiнiң бiрiн қолға түсiрдi. Дәл осындай жағдай былтырғы жаз мезгiлiнде Қарасай ауданында да тiркелген. Жергiлiктi базарлардың бiрiнде орналасқан фельдшерлiк пункттiң медбикесi Қазақстанға көршiлес республиканың азаматшасына нәрестесiн сатуға көмектескен.
13 қаңтар 2015
Баланың көзiнше айтылмауға тиiс дүниелер
“Ол әлi кiшкентай, ештеңе де түсiнбейдi”, – деп ойлайды көп ата-ана. Сөйтiп, балаларының алдында көршiлерi, мұ­ғалiмдерi, туыстары, таныстары туралы неше түрлi жаман әң­гiмелер айтып отыра бе­редi. Бiрақ бала әңгiменiң мәнiн түсiнбеуi мүмкiн, үлкен­дердiң айналасы туралы айтылған “қызықты” әңгiмелерi мен пi­кiрлерiн есiнде жақсы сақтап қалады. Содан соң, көпшiлiк жиналғанда немесе қонаққа барғанда, магнитофон жазбасы сияқты, сөзбе-сөз, тiптi, ата-анасының дауыс ырғағын да салып, қайталап айтады.
18 қараша 2014
Ер адамдардың аптасына екi литрге жуық сыра iшуi отбасын құру мүмкiндiгi­нен айыруы мүмкiн. Зерттеушiлердiң айтуынша, кем дегенде аптасына үш шыны сыра iшу, тiптi жарты литрге жуық сыраның өзi ұрықтың өмiр­шең­дiгiн төмендетiп қана қоймай, белсiз­дiкке ұрындырады.
18 қараша 2014
Шаңырағыңыздың шайқалмасы үшiн

Отбасылы болуды, ондағы қарым-қатынастарды шағын сынақ деуге де болады. Оның ыстық-суығына көну, төзу, үлкен шыдамдылықты, ойлылықты, төзiмдiлiктi талап етедi. Осы сынақтан сүрiнбеу үшiн айтылар кеңеске мұқият болыңыз! Ең болмаса бұл кеңестi екi тараптың бiреуi ұстанса, нәтижесi көп күттiрмейдi. Адамды үй болуға тәр­бие­леу – ең қиын нәрсе. Өз­ге адаммен бiрлесе өмiр сүру, одақтасу бiзге өзiмiздi үнемi дамытуға, қоршаған ортаға сүйiспеншiлiкпен қарау­ға мүмкiндiк бередi. Ерлi-зайыптылар бiр-бiрiне қандай да бiр жасаған жақсылығын мiндет деп қарамай, ризашылық сезiмiн бiлдiрiп отыруды әсте ұмытпағаны жөн.

18 қараша 2014
Сау адамның тiлi қызғылт, болар-болмас ақ қатпарлы болып келедi. Ал тiлдегi патологиялық өзгерiстер мыналар: Ақшыл қалың қатпар – асқазанның секрециялық қызметiнiң бұзылуының белгiсi. Тiлдiң қараюы – антибиотиктердi шектен тыс қабылдау немесе дәрумендердiң жетiспеу­шiлiгi кезiнде байқалады.
18 қараша 2014
Майлы Орманов атындағы орта мектептiң iшi­нен ашылған “Алау” шағын орталығы 2010 жылдан берi жұмыс iстейдi. Орталықта 5-3 жас аралығындағы 20 бала тәрбиеленедi. Осы балақайлардың тегiне қарап қуанасың. Ешқайсының да тегiнде келмеске кеткен Кеңес өкiме­тiнiң таққан “енi” – “ов, ев, ова, ева” жоқ. Бәрi бiрiздi. Тегi атасының атында, әкесiнiң есiмiне де “ович, евич, овна, евна” деген тiркеу жоқ.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»