1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15444)   17 тамыз, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы.
22 сәуір 2014
Неке сақинасының сыры

Махаббат белгiсi – аты жоқ саусаққа кигiзiледi. Неге дәл “аты жоқ саусақ”? Адамзат тарихында осыдан 5 мың жыл бұрын пайда болған алғашқы неке жүзiктерi бүгiнгiдей алтыннан жасалмаған. Египеттiктер оларды Нiл өзенiнiң жағалауында өсетiн қамыстардан дайындаған көрiнедi. Бастапқыда жүзiктi аты жоқ саусаққа кигiзген де – дәл осы египет халқы.

22 сәуір 2014
Зейнеп Ахметова, Б.Момышұлының келiнi: Қазақтың ырымы энергетикалық кyшке айналып кеткен...

Бұл күндерi, Құдайға шүкiр, өз дәстүр-салтымыз бен әдет-ғұрпымызға мойын бұрып, шамамыз келгенше ұлықтап-ақ жүрмiз. Әсiресе, жастар жағы. Бүгiнгi үйлену тойларының арақ-шарапсыз өткiзiлiп жатқаны, әр-әр жерде торттың орнына “келiн шайының” берiлiп жүргенi осының айғағы болса керек.  Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпы, ырым-тыйымы ұлттық кодқа, энергетикалық күшке айналып кеткенiн iштей мойындасақ та

4 наурыз 2014

Бала тәрбиесi – таусылмайтын тақырыптардың бiрi. Кейбiр ата-ана тұрмыстың қарбаластығы себебiнен баланы тәрбиелеуге немқұрайлы қарайды. Бала тәрбиесiнде өте маңызды сәттер бар екен. Егер сiздiң де бала тәрбиесiне бөлетiн уақытыңыз тым аз болса, төмендегi ақыл-кеңестi назарға алып, тәрбие сағатында жоғалтқан уақыттарыңыздың орнын толтырыңыз.

4 наурыз 2014
«Қолжетiмдi баспанаға» iнiмнiң қолы жете ме?

Былтырғы жылдың шiлде айында “Қолжетiмдi баспана – 2020” “жас отбасы” бағдарламасы бойынша жас­тар баспана алу үшiн құжат өткiзген едi. Содан берi де жарты жылдан аса мерзiм өттi. Бiрақ сол кезде құжаты қабылданған қатарластарымыздың үйлi болдық деген ақжолтай жаңалығын ести қойған жоқпыз. Мүмкiн, берiлiп те жатқан шығар.

4 наурыз 2014
Сiз бiлесiз бе?
  • Оқушының сабақ үлгерiмi неге төмен?
  • Қант ағзаға қауiптi
  • Дәрi-дәрмектiң зияны көп
4 наурыз 2014
Әке-шешем тiрi болғанда...
“Алтынның қолда барда қадiрi жоқ” дейдi. Ата-анамыз қалқайып аман жүргенде, бiз мән бермейтiн көп жағдайлар бар. Жасыратыны жоқ, өзiмiздi дүниеге әкелген сол кiсiлердiң көңiлiне қаяу салып, кейде тiптi жүрегiн жаралап та жатамыз. Көзi тiрiсiнде қадiрiн бiлiп, сый-құрметiмiздi аямауға тиiспiз. Бұл туралы қасиеттi Құранда да жазылған.
26 желтоқсан 2013
АҚТЫҚ САПАРҒА АТТАНУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Алматылық Алаңқұловтардың отбасы қайтыс болған бауырларының өлi денесiн мәйiтханадан ала алмай жүр. Қалалық № 1 ауруханада қайтыс болған азаматтың денесiн Қалқамандағы мәйiтханадан алу үшiн мекеме қызметкерлерi ақша сұраған. “Елу мың теңге сұрады, алып шығып кетесiң дедi”, – дейдi Бауыржан Алаңқұлов.
26 желтоқсан 2013

Америкалық зерттеушi ғалым Эрик Стайсом тiл үйiрер сүттi коктейльдiң ағзаға зиян екенiн анықтады. Құрамындағы шектен тыс қант пен май сiздiң денсаулығыңызға керi әсерiн тигiзедi. Ғалымдар 100-ге тарта орта мектеп оқушыларына шоколад қосылған сүттi коктейль iшкiзiп, зерттеп көрдi.

26 желтоқсан 2013
Қор болып құрып барамыз...
“Жас Алаштың” отбасылық қосымша бетiнде бiрнеше ұлттың бала тәрбиесiндегi ерекшелiктерi туралы сериялы материалдар жарияланды. Соларды оқып шығып, өзiмше қорытынды жасап, түйгенiмдi оқырманмен бөлiсудi жөн санадым. Тәрбие мәселесiнде төмен қарайтын дәрежеге жеткенiмiз ащы да болса шындық.
26 желтоқсан 2013
«Тегi»-ден неге безiнемiз?
Тәуелсiздiк алғаннан берi екiншi онжылдықты аяқтап қалсақ та, аты-жөнiмiздi жазу мәселесi көңiлге қонымды шешiмiн таппай отыр. Фамилия деген ұғымды “тегi” деген сөзбен алмастыра салудың өзi бiр iзге түскен емес. Жалпы, фамилия сенiң кiм екенiңдi аңғартып қана қоймай, қай ұлттың баласы екенiңдi де бiлдiретiн анықтағыш болуы шарт.
26 желтоқсан 2013
«Жаңа жыл» отбасылық мереке ме?

Кезiнде әр отбасы мүмкiндiгiнше арқа-жарқа атап өтетiн мейрамның бiрi – 31 желтоқсан, яғни жаңа жыл едi. Жылдың соңғы айы басталғаннан осы мерекеге қызу дайындыққа кiрiсетiн әрбiр шаңырақта мiндеттi түрде шырша безендiрiлетiн. Желтоқсанның соңғы түнi мен қаңтардың бiрiншi күнi кеңес заманындағы кез келген үйде шат-шадыман мерекеге толып, тiптi жаңа жылды қарсы алу бiрнеше күнге жалғасатын.

12 қараша 2013
Отбасы ақпарат
АЖЫРАСУДЫ АР САНАЙТЫН АЙМАҚТАР
Әдiлет министр­лi­гiнiң соңғы ақпараттарына сенсек, елiмiздегi отбасылардың ажырасу көрсеткiштерi дағдарыс жылдарында күр көбейiптi. Мәселен, 2012 жылы 47 мың ерлi-зайыптылар ажырасуға арыз берген. Сондай-ақ, арызданушы жұптардың басым бөлiгi 10-15 жыл отасқандар және бақ­уат тұратындар екен. 
12 қараша 2013
“Менiң мамам келедi...”

Таяуда Алматы облысына қарасты балалар үйiне бардық. Бөтен кiсiге үлкен үмiтпен қараған жетiмектердiң жан жарасы жаутаңдаған жанарында тұнып тұрғандай. Денi өзiмiздiң қара­көз­дер. Бiздiң апарған тәттi­лерiмiз бен ойыншықтарымызды қызықтаған топ баладан шет­керiрек тұрған қызға ерiксiз назарым түсе бердi. Оның үстiне үш ай бұрын келгенiмде, бұл қызды көрмеген едiм. Жаңадан келгенi байқалады.

12 қараша 2013
Семiздiк сергелдеңге салмасын

БҰҰ-ның Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы ұйымының сарапшылары “үш миллионға жуық қазақстандықтың немесе елдiң әрбiр төртiншi тұрғынының артық салмағы бар” деген қорытынды жасады. Пайыздық өлшеммен алғанда, елiмiздегi 24,4 пайыз ересек азаматтарымыз семiз­дiк дертiне ұшыраған.

12 қараша 2013

“Жас Алаштың” 51-нөмiрiндегi (2.07.2013 ж.) “Отбасы” қосымшасында “Сәбилi болуға көмектескен дұға” атты оқырманның хаты жарияланған болатын. Осы хаттағы айтылатын қасиеттi дұғаны қалай пайдалану керектiгi жөнiнде көптеген оқырмандар хабарласып сұрауда. Хат иесi Маржан апайға хабарлас­қаны­мыз­да, “емделу шарты оқырмандарға түсiнiксiз жазыл­ған болса, кешiрiм сұраймын

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»