Семейде кешкiсiн қалалық перзентханада жарықты сөндiрiп тастаған. Соның кесiрiнен дәрiгерлер жаңа туылған екi нәрестенiң өмiрiн сақтап қалу үшiн бiр сағаттан аса алысқан. Жолы ауыр екi сәби дүние есiгiн көп қиындықпен ашқан. Нәрестелерге оттегi мен жылу ауадай қажет болған соң электр қуатымен жұмыс iстейтiн арнайы аппараттың iшiне жатқызған. Жарықты дәл осы кезде өшiрiп тастаған. Бұдан кейiн, дәрiгерлердiң айтуынша, шақалақтардың халi күрт нашарлап кеткен. Дәрiгерлер сәбилердi аман алып қалу үшiн қолдан келген амалдарын жасап ұзақ уақыт бойы арпалысқа түскен. Энергетиктердiң айтуынша, перзентхана стансаларының бiрiндегi кiнәраттың кесiрiнен электр қуатынсыз қалған.