ОТБАСЫ
Жеңiл әрi дәмдi
Жас Алаш №73 (16529)   14 қыркүйек, бейсенбі 2017
15.09.2016 13:43

Қажеттi заттар:

Тауықтың 2 сан етi 
40 грамм сары май
3 сарымсақ
55 грамм пияз
70 грамм болгар бұрышы
90 грамм сәбiз
40 мл өсiмдiк майы
7 грамм аскөк
5 грамм тұз
3 грамм қара бұрыш
30 грамм “Эдам” iрiмшiгi
 
Жасалу жолы:
Пияз, сәбiз және болгар бұрышын төрт бұрыштап тураймыз.
Қызып тұрған табаға өсiмдiк майын құйып, пиязды, сәбiз бен болгар бұрышын қуырамыз.
Тұз, бұрыш себемiз. Араластырып, көкөнiстердi 8 минуттай қуырып, шала пiсiремiз де, отты сөндiремiз. Көкөнiстер суығанша, тауықтың сан етiн дайындай беремiз. Ақырындап, сүйегiн шығарып тастаймыз, тек шет жағынан ғана кiшкене сүйек қалдырамыз.
Қуырылған көкөнiстерге үккiштен өткiзiлген iрiмшiк, сарымсақ, туралған аскөк және сары май қосып, жақсылап араластырамыз. Осы қоспаны тауықтың сан етiнiң ортасына салып, оны арнайы қалтаға орналастырамыз. Шет-шетiн жақсылап байлаймыз.
 200 градусқа дейiн қыздырылған пешке салып, 45 минут пiсiремiз. Пiсуге 20 минут қалғанда қалтаның әр жерiн ақырындап тесiп қоямыз.

zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/otbasy/18120.html