"Жас Алаш" ақпарат
АҚШ Ресейге соғыс аша ма?
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
10.01.2017 11:14

АҚШ артиллериялық және өзге де әскери техникаларын немiстiң Бремерхафен атты портына жеткiздi. Ол Польшаға, кейiн Балтық маңы елдерiне Ресеймен соғыс үшiн НАТО әскерiн күшейту мақсатында жеткiзiлген делiнедi. Tengrinews.kz. мәлiметiнше, бұл туралы RT телеарнасы немiстiң Bundesdeutsche Zeitun басылымына сiлтеме жасап хабарлаған. Бундесвер қолбасшылығы өкiлiнiң айтуынша, 7-16 қаңтар аралығында күн сайын әскери техниканың үш құрамы жiберiлiп отырады. Тасымалдау үшiн 900 вагон қажет болады, ал құрамның жалпы ұзындығы 14 шақырымға жетедi. АҚШ, Канада, Ұлыбритания және ГФР балтық маңы елдерiне шамамен төрт мың әскеридi жөнелтпек.
АҚШ пен Ресейдiң қарулы қақтығысқа баруы мүмкiн бе? Бұл жөнiнде АҚШ тұрғындары не ойлайды? YouGov компаниясы жүргiзген әлеуметтiк сауалнама қорытындысы бойынша, америкалықтардың 64 пайызы әлем қарулы соғысқа жақындап келедi деп сенедi. АҚШ тұрғындары дүниежүзiлiк соғысқа себеп деп терроризм қаупiн, Сириядағы және Таяу Шығыстағы қақтығыстарды атаған.
 


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19012.html