"Жас Алаш" ақпарат
БЖЗҚ басшылары 2 айға қамалды
Жас Алаш №64 (16250)   15 тамыз, сейсенбі 2017
10.01.2017 11:14

Апелляциялық сот БЖЗҚ АҚ басшыларының шағымын қанағаттандырмады. Бұған дейiн Алмалы аудандық соты БЖЗҚ АҚ төрағасы Руслан Ерденаевқа, БЖЗҚ АҚ тәуекелдердi басқару департаментiнiң басшысы Мұса Бақытовқа, “Алатау Мұнай Алтын” АҚ бақылау кеңесiнiң төрағасы Бақытжан Кенжебаевқа, “Бузгул Аргум” ЖШС директоры А.Найзағаринге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындаған едi. Күдiктiлердiң қорғаушылары қалалық соттың бұл шешiммен келiспейтiндiгiн айтып, топтық шағым түсiрген. “Апеляциялық алқаның судьясы шағым түсiрушiлердiң арызын қарай отырып оны қанағаттандырмау туралы шешiм шығарды”, – дейдi қалалық соттың ақпаратпен қамту бөлiмiнiң басшысы Диас Махамбетов.
Еске сала кетейiк, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Алматы қаласындағы департаментi БЖЗҚ-ның құны 5 млрд теңге болатын келiсiмшартын тексерiп жатыр. Сотқа дейiнгi тергеу орындары Р.Ерденаев пен өзге де тұлғаларға меншiкке қатысты ҚР ҚК 189-бабының 4-тармағы бойынша ауыр қылмыс жасады деген айып таққан.
 


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19013.html