"Жас Алаш" ақпарат
Ақышевтың көңiлi тоқ
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
10.01.2017 11:15

2016 жылы Қазақстан алтын валюта резервтерi 1,9 млрд долларға ұлғайды. Бұл туралы журналистерге берген брифингiде ҚР Ұлттық банкiнiң басшысы Данияр Ақышев айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
“Ұлттық банк 2016 жылғы қыркүйектен бастап желтоқсанға дейiн төрт ай қатарынан валюта нарығында өктемдiк жүргiзген жоқ. Сондықтан айырбастау бағамының iргелi үрдiсiне бiздiң әсерiмiз нөлге тең болды”, – дептi ол. Оның айтуынша, бағамның қалыптасуына Ұлттық банктiң араласпау саясаты бiрте-бiрте өз ықпалын көрсетiп келедi екен. Әсiресе, бұл алтын валюталық резервтiң қалыптасуына оң әсерiн тигiзген.
Дегенмен кейбiр тәуелсiз сарапшылар теңгенi құлдыратпау үшiн Ұлттық банк күш салып келедi деп есептейдi. Олардың ойынша, доллардың шарықтайтын кезеңi ЭКСПО өткен соң басталады.
 


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19014.html