"Жас Алаш" ақпарат
«Хан шатырда» жалаңаш қыздар қайдан жүр?
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
10.01.2017 11:15

Кеше әлеуметтiк желiнi Астанадағы “Хан Шатыр” сауда орталығында жүрген жалаңаш қыздардың суретi жаулап алған едi. Мұны әркiм әртүрлi жорыған. Оның сыры кейiн белгiлi болды. Бұл – француз фотосуретшiсi ұйымдастыратын көрменiң жарнамасы екен. Көрме атауы – “Гипер Астана”. «Мұндай шараны өткiзiп отырған агенттiктiң мақсаты – көрменi жарнамалау ғана емес, сондай-ақ, бұл өнер түрiнiң бiрегей екенiн көрсету. Кейбiреулер сынға алса, кейбiреулерi қолдау көрсетiп жатыр» дептi “Гипер Астана” көрмесiнiң баспасөз қызметiндегiлер.
Қайтесiң ендi, Астананы гипер жасау үшiн “Хан Шатырда” шешiнуге де тура келедi.
 


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19015.html