"Жас Алаш" ақпарат
Мирзияев мафиозды билiкке тартты
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
10.01.2017 11:16

Өзбек президентi Шавкат Мирзияев «Қылмыс әлемiнiң серкесi» аталып кеткен Салим Абдувалиевты Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитетi төрағасының орынбасары етiп тағайындады.  Ал Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитетiнiң төрағасы қызметi “Өзбекмұнайгаз” ұлттық компаниясының басқарма басшысы Әлiшер Сұлтановқа бұйырыпты. 2011 жылы Wikileaks сайтында жарияланған дипломаттардың хаттарында 2004-2007 жылдары Ташкентте АҚШ елшiсi болып қызмет атқарған Джон Пурнелл Салим Абдувалиевтi Өзбекстандағы “қылмыс әлемiнiң басшысы” ретiнде сипаттаған едi. Жауапты қызметке тағайындалғанына қарағанда, сол Абдувалиев жаңа сайланған президенттiң қыбын тапқан сияқты.
 


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19016.html