"Жас Алаш" ақпарат
«Сөз беремін – барлығы орындалады»
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
19.03.2017 01:14

Былтыр жазда өткен Рио-де-Жанейро олимпиадасының жеңімпаздарына тиесілі пәтерлер әлі күнге берілмепті. Арада қанша уақыт өтсе де, пәтер құжаттары рәсімделу үстінде екен. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Қазір пәтерлер дайын тұр, олар заң жүзінде дұрыс рәсімделуі тиіс. Беруге неге асықпай жатқанымызды білесіз бе? Кейде спортшыға пәтер беріп қойып, сосын бірнеше жылдан кейін заңсыздық болатын жағдайлар кездеседі. Міне, осындай келеңсіздіктер болмасын дейміз. Барлығы заң жүзінде дұрыс болғанын қалаймыз. Сөз беремін, барлығы орындалады», – деп ақталуда. Ал олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары уәде етілген пәтерлерін үзіле күтіп жүрген жайлары бар.


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19555.html