"Жас Алаш" ақпарат
Далада жатқан балаға жұрт қарай ма?
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
19.03.2017 01:16

Шымкентте жергілікті TVK телеарнасы елде жоқ әлеуметтік эксперимент өткізді. Телеарна тілшілері жаңа туған баланы сөмкенің ішіне салып, жол бойына тастап кетіп, оған тұрғындардың қалай әрекет ететінін тексеріп көрді. «Жыл басынан бері Қазақстанда нәрестені тастап кету жиілеп кетті. Оңтүстік Қазақстан облысында да мұндай жағдайлар баршылық. Біз сынаққа қарапайым қуыршақты қолдандық», – дейді тілшілер.
Ал Шымкент қаласының тұрғындары тілшілерді таңырқата алмады. Ала сөмке ішінен жылаған бала даусына жолаушының бәрі алаңдап, ішін ашып қарауға асыққан.


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19556.html