"Жас Алаш" ақпарат
Ұлттық киім киген ұл-қыздар
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
19.03.2017 01:17

«Не шықса да, Шымкенттен шығады» деп, ұлтты ұлықтауға бағытталған жақсы бастамаларды алдымен оңтүстік бастайды деп жүруші едік, бұл жолы солтүстікқазақстандық жастар бәрінің алдын орап кетті. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушылары Наурыз мерекесі өткенше сабаққа ұлттық киіммен баруды ұйғарыпты. Бұл ұжымда мыңнан астам адам қызмет етеді. Олардың барлығы жұмысқа ұлттық киіммен келіп жүр. Оқытушылардан бастап, техникалық қызметшілерге дейін шапан мен қамзол киді.
«Әлеуметтік желілер арқылы Қазақстанның барлық жастарын «Ұлттық киім» акциясына қатысуға шақырдық. Біздің ұсынысымызды Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Павлодар қалаларындағы университеттер мен жергілікті колледждердің студенттері қолдады. Тіпті мектеп оқушылары мен мұғалімдері де бұл бастамаға атсалысып жатыр», – дейді университеттің студенттік ректоры Айнар Сәбитова.
Ең қуаныштысы, теріскейлік жастардың бұл бастамасын еліміздің 10 жоғары оқу орнының студенттері қолдап отыр.


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19557.html