"Жас Алаш" ақпарат
Ұлттық арна ағылшынша кино көрсетпек
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
19.03.2017 01:18

 «Сенбі сайын түнгі сағат 12-ден кейін «Қазақстан» ұлттық арнасында танымал британдық сериалдарды ағылшын тілінде, бірақ қазақша субтитрмен көрсетпек ниеттеміз. Бұл, бір жағынан, танымдық, екінші жағынан, оқыту саласына қосқан үлес-қадамымыз болады».
«Қазақстан» РТРК» АҚ басқармасының төрағасы Ерлан Қарин осындай хабарландыру жасады. Оның сөзінше, 18 наурыздан бастап соңғы жылдардағы ең үздік британдық сериал – Бенедикт Камбербэтч басты рөлді сомдаған «Шерлок» туындысы эфирге шықпақ. Бұл туынды қазақ тіліндегі субтитрмен ағылшын тілінде көрсетіледі. Төрағаның пікірінше, түпнұсқа негізінде көрсету көрермендерге сүйікті актерлерінің шынайы дауысын естуге, сондай-ақ фильмнің «ішіне» түбегейлі еніп, ағылшын тілін «үйден шықпай-ақ» үйренуге мүмкіндік береді.


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19558.html