Саясат
Қырымды қайтармасаң, қысым жалғаса береді
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
19.03.2017 01:22

Жаңа президент сайланғалы бері саясаты қызыл түлкінің құйрығындай бұлғаңдап кеткен АҚШ ақыры Қырымға байланысты тоқ етер сөзін айтты. Айтқанда да қатты айтты. Яғни АҚШ Қырымды Ресейдің басып алғанын айыптайды және оны тез арада тоқтатуға шақырады. «Біздің санкцияларымыз Ресей Қырымды Украинаға қайтарып бермейінше сақтала береді», – дейді бұл жөнінде Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Марк Тонер.
Алайда Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қырымды Украинаға қайтарып беруі мүмкін дегенді жоққа шығарды. «Екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледі» деген, екі ортада қысылып қалған Қырымның «қызығы» жақын арада бітпейтін сияқты.


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/sayasat/19560.html