Әртүрлі
Алтын балық азайып барады
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
19.03.2017 01:24

«Әр елдің салты басқа...» демекші, жыл сайын Иранда Наурыз мейрамы тойланған сайын мөңкетұқымдас алтын балық пен саламандра кесірткелеріне үлкен қауіп төніп тұр.
«Азаттықтың» жазуынша, ирандықтар «ұзақ өмір мен махаббат, молшылық пен денсаулық әкеледі» деген ырыммен мереке дастарханына С әрпінен басталатын жеті зат қоюды дәстүрге айналдырған. Осы жеті «дәннің» ішінде алтын балық пен кесіртке бар. Әрине, дастарханға балықты су құйылған ыдысқа, терісі әдемі кесірткені де тірідей қояды. Дегенмен бұл су жәндіктерін өзенге қайта жібергенше көбісі өліп қалады. Базарларда сатылғанша қаншамасы тағы шығын болуда. Осыдан барып жыл сайын миллиондаған мөңке балықтары жойылып, кесірткенің де саны мүлдем азайған. Осыған алаңдаған ел президенті Хасан Рухани былтыр халықты Наурыз мерекесімен құттықтағанда аквариумға мөңке балықтың орнына апельсин салған болатын. Бірақ бәрібір халықтың балық пен кесірткеге деген құмарлығы басылмай тұр.
«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, су жәндіктеріне кесір келтіретін соқыр сенімнен иран жұрты қашан арылатыны президенттері Хасан Руханидың өзіне де белгісіз болып тұр.


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/ertyrli/19561.html