Спорт
«МЕН ДЖЕЙКОБСТЫ ӨЛТІРМЕЙМІН»
Жас Алаш №56 (16242)   13 шілде, бейсенбі 2017
19.03.2017 02:20

Ертең таңертең отандасымыз Геннадий Головкин Нью-Йорктегі (АҚШ) «Медисон Сквер Гарден» кешенінде америкалық Даниель Джейкобспен қолғап түйістіреді. Бұл жекпе-жекте отандасымыз барлық атағын қорғайды. Головкин кәсіпқойлар қатарында 36 кездесу өткізіп, бәрінде де басым түскен-ді. Алдағы кездесуге ол тас-түйін дайын сияқты.
– Бұл – мен үшін де, Джейкобс үшін де өте маңызды жекпе-жек. Бокс – ойын емес, майдан. Мен Даниельді сыйлаймын, оны өлтіріп немесе жоқ етіп тастауға тырыспаймын. Бұл жай бокс қана, – деді Головкин жекпе-жекке арналған промо-роликте.
Отандасымыз өзі өткізген 36 кездесудің 33-інде қарсыластарын нокаутпен жеңді. Джейкобс еншісінде 32 кездесу бар. Оның 29-ын америкалық боксшы нокаутпен тәмамдаған, 1 рет жеңілген.


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/sport/19574.html