"Жас Алаш" ақпарат
Бас монументтегі жазу өшірілді
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
20.04.2017 12:24

Бұрынғы депутат, бүгінгі инвестиция және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердіоңғар жақында Астанадағы Наурыз мерекесінің бейнеқатарынан «Қазақ елі» монументіндегі жапырақшалардың ішкі жағындағы жазуды байқап, дабыл қаққан-ды. 91 метрлік тұғырдың ең биігіне әлдебіреулер «Мурат», «Бердібек» және «Тараз» деген жазу қалдырған. Жақында осы жазуды Астана қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарын қорғау жөніндегі дирекциясы» МҚКК өшірді. Ол үшін жапырақшалардың бәрін сыртқы түске бояп шығуға тура келді. Бұл жұмысты кәсіпқой альпинистер жүзеге асырды.
 


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19779.html