"Жас Алаш" ақпарат
Президентке қарсы болған ба?
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
20.04.2017 12:25

Бұрынғы ұлттық экономика министрі, «коррупциялық қылмыс жасады» деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың істі болуының тағы бір сыры ашылғандай. Бірқатар ақпарат құралдарында Қ.Бишімбаевтың «Назарбаев туралы сыни пікір білдіргеніне байланысты қудаланып жатқаны» туралы әңгімелер тарады. Бірақ айыпталушының адвокаты Сәлімжан Мусин Бишімбаевтың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «ешқашан жағымсыз пікір айтпағанын» мәлімдеді.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Менің қорғалушым ондай әрекетке ешқашан бармағанын айтып отыр. Керісінше, барлық жасаған жақсылығы үшін елбасыға алғысы шексіз екенін мойындайды. Біз бұл мақаланы Бишімбаевтың туған күні туралы интернеттегі жазбаларға жауап деп санаймыз», – дейді адвокат.


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19780.html