"Жас Алаш" ақпарат
16 «көкек әке» сотталды
Жас Алаш №33 (16219)   27 сәуір, бейсенбі 2017
20.04.2017 12:25

Алматыда перзенттеріне алимент төлеуден қашып жүрген 16 әке бас бостандығынан айырылды, тағы 57-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері оңтүстік астанада алимент өндіруге қатысты 1,5 мыңнан астам іс қаралған.
Бас прокурор Жақып Асанов келтірген мәлімет бойынша, Қазақстандағы жетімдердің 70 пайызының ата-анасы бар, ал 4 млн отбасының әрбір сегізіншісі – толық емес. Бес жыл ішінде елімізде 200 отбасы айырылысқан.


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19781.html