"Жас Алаш" ақпарат
Қырғыз нөмірі бар машинамен жүре алмайсыз
Жас Алаш №64 (16250)   15 тамыз, сейсенбі 2017
20.04.2017 12:26

Алматы қалалық ІІБ түсіндірмесіне қарағанда, Қырғызстаннан әкелінген әрі сол елдің мемлекеттік нөмірі бар көлікпен Қазақстан азаматы ел аумағында жүре алмайды. Тіпті ол машина қырғыз азаматынан сенімхат арқылы уақытша пайдалануға алынса да, біздің елдің азаматтары ол көлікпен аттап баса алмайды. Қырғызстаннан әкеліп, Қазақстанға тіркелмеген көлікті жүргізген азамат әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төлейді. Әрі машинасы тәркіленіп, айып тұрағына қойылады.


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19782.html