Руханият
Билік өзгермей, бәрі бос сөз
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
20.04.2017 12:37

Президент Н.Назарбаев төрт айдың ішінде жолдау жасап, Конституцияға өзгеріс енгізіп, енді мақала жариялап, рухани жаңғыру жасамақшы, латынға көшірмекші.
Он миллион қазақтың бірі ретінде пікірімді білдіргім келеді. Конституцияны өзгерткенімен, бәрі таз қалпында қалды. Тек соны сылтауратып кейбір әкімдерді ауыстырды, қалғаны кезекте тұр.
Путин тұрғанда Назарбаев елді латынға көшіре алмайды. Көшіру үшін солтүстік, шығыс аймақтарға қазақтарды Ресей әлсіз кезде қоныстандыруы керек еді. Президент көбінесе бастама көтереді де, бірақ онысы аяқсыз қалады. Мысалы, қателеспесем, Атырауға барғанында Қазақстанды Қазақ елі деп атау керектігін айтып еді, кейін Ұлы дала, Мәңгілік ел дегенді шығарды. Астананың қақ ортасында Орынбор көшесі бар еді, ол аяқастынан өзгертілді. Мұндай өзгерістерге Путин өзі немесе біреулер арқылы «Орынборды армандап жүріп қазіргіңнен айырылып қалма!» деуі де мүмкін. Қазір «Қазақстан» арнасын қоссаңыз, екі «нұротандық» пен оппозицияның екі өкілі Назарбаевтың айтқаны мен жазғанын талқылап, кейде қолдап жатқанын көресіз. Менің ойымша, олар орта жастан асып, шаштары аппақ болғанда алтын уақыттарын рәсуа етіп жүр. Мен әулие емеспін, қателесетін де шығармын. Назарбаев өзінің болашағын ойлауы да мүмкін. Қазақтар түбінде латынға көшеді. Сол кезде жаңа ұрпақ қазіргіні басқаша бағалап, атақтылардың да кітаптарын іріктеп латынша шығарар. Өз ойыма салсам, Назарбаев сол іріктеуден өтпей қаламын деп қорқады-ау...

Жәби СЕРІК
Астана қаласы


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/ruhaniyat/19787.html