Саясат
Саакашвили Қазақстанға келе ме?
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
10.08.2017 12:23

Біздің қоғамға Михаил Саакашвили есімі жақсы таныс. 2015 жылы Украинаның Одесса облысының губернаторы болып тағайындала сала жемқорлықпен аяусыз күрес бастап еді. Күрескер Саакашвилидің өткір сөздері, істеген істері баспасөзде, әлеуметтік желілерде тарап, оған баяғы Грузия президенті болып тұрғанда жасаған саяси реформалары қосылып, біздің қоғамның белгілі бөлігін желпінтіп жататын. Сол кезде «Қазақстанға да бір Саакашвили керек» деген сөздер де шықты. Грузияға сыймаған Саакашвили Украинаға да сыймады. Ресми Киев оны «азаматтық алар кезде жалған құжат пайдаланған» деген «таңбалы сөзбен» азаматтықтан айырды.

«БҰЛБҰЛДЫҢ» ӘНІ НЕГЕ ӨЗГЕРДІ?
СолСаакашвилидіЕрмұханбетЕртісбаеваузыныңсуықұрыпмақтайдыдепкімойлаған?! Ертісбаевсондабүйдепті: «Олөтеқызба, эмоционалдыадам. Іскекелгендеөтешешімтал. Мысалы, 85 мыңполицейдің 75 мыңынбір-ақкүндежұмыстаншығарды. Оныңтұсындаәлемдегіеңқатаңқылмыстықкодексқабылданды. Кодекстіпарламентбар-жоғыбіраптаныңішіндедайындады. Жолполициясыдегендімүлдемалыптастады. Осындайреформаданкейінондағанполицейді «жемқорлықжасады» дегенайыппентоғызжылғасоттапжіберді. Мәселен, полиция патруль машинасына арнайы агент отырғызып, полицейлерді пара алуға итермелеткен. Егер агент жұмысты атқара алмаса, оны да сотқа апарған. Осындай өте қатаң шараларға барды. Есесіне жемқорлықты тамырымен құртты.
Ол реформа арқылы бәрін жасауға, өзгертуге болады деп есептейді. Бұл тұрғыдан келгенде «реформаны қалай жүзеге асырам» деп жағалауда ойланып жүргеннен гөрі көзді тарс жұмып көлге секіргенді құп көреді. Сондықтан да АҚШ пен батыс елдері саясаткерлері Саакашвилиді бұрынғы Совет Одағы елдеріне ықпал ететін тұлға ретінде қолдайды».
Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі Ермұханбет Ертісбаевтың көзқарасы Грузияда жүріп өзгеріске бет алғандай әсер қалдырады. Олай дейтініміз, біз білетін Ертісбаев 2000 жылдардың басында саяси алаңға шығып, қоғамның саяси санасына сілкініс жасап, үміт сыйлаған жаңа сападағы оппозициялық күштер «егер біз билікке келсек, Қазақстанда жемқорлықты жоямыз» деген кезде олардың сөзін келеке етіп еді. Ол кезде Ертісбаев биліктің мәуелі бағында сайраған «бұлбұл» еді. Талмай сайрайтын: биліктің ұстанымын қолдап, сол кездегі оппозициялық тұлғалардың әр сөзін аңдып, аяқтан шалып, қайткенде де халыққа оларды алдамшы топ етіп көрсетуге барын салды. Сайраған еңбегі ақталып, ақыры елді жаңа саяси өзгеріске бастауға бекінген үркердей топтың түбіне жетіп тынды. Әйтпесе сол тұстағы оппозициялық тұлғалардың Саакашвилиден несі кем еді?! Енді келіп «О, Саакашвили?!» деп сайрап отыр.

ЕРТІСБАЕВТЫҢ ЕКІ ЖҮЗІ
Саакашвилиді кеше сынап, бүгін мақтау Ертісбаевтың қолынан ғана келеді. 2011 жылы Ресей кедендік одақ пен еуразиялық одақ құру бастамасын көтеріп, ол Қазақстанда халықтың үлкен қарсылығына ұшырады. Митингілер өтіп, қоғамдық тұлғалар билікке райынан қайтуды айтып, ел іші дүрлігіп тұрған шақ еді. Сол кезде Саакашвили Ресейдің бастамасын қатты сынады. «Грузияға және өзге де елдерге дәл осындай одақты бір ғасыр бұрын таңған еді. Ол кезде ол одақтың аты – Совет Одағы болатын» деп кесіп айтты. Артынша біздің «бұлбұл» кедендік одақ пен еуразиялық одақты жақтап, «Саакашвилиді өзгелер үшін емес, Грузияның атынан ғана сөйлесін» деп доқ көрсете сайраған еді. Бұл – Ертісбаевтың бір жүзі. Ал арада алты жыл өткенде Саакашвилидің жемқорлықпен күрес реформасын тамсана айтып отыруы – Ертісбаевтың екінші жүзі. Грузиядағы елшінің екі жүзі қоғамға о бастан мәлім жайт. Бүгін соған тағы куә болдық.

Саакашвили Қазақстанға келе ме?
Қазақстанда президент сайлауы жақындап келеді. Сайлау алдында билік халықтың сенімін алып, беделін көтеру үшін Саакашвилиді шақырып, тәжірибе жасауы әбден мүмкін. Қазіргі жүйенің өзегіндегі жегіқұрттың бірі жемқорлық екенін биліктегілер жақсы біледі. Жемқорлықпен күресті қанша жалаулатқанымен, оңды нәтиже берер емес. Керісінше, жемқорлықпен күрес биліктегі түрлі күштердің өзара айқасының және қолайсыз адамдардан құтылудың құралына айналып кетті. Әрі халықтың билікке сенімін қызыл деңгейге түсірген факторлардың бірі де сол жемқорлық. Мысалы, Саакашвили Қазақстанға келіп, жемқорлықпен күресті қызу жүргізіп, 1 миллион доллар парамен ұсталса да, істі болмай оп-оңай құтылған Нилерді қашаған ұстағандай шырқыратып шетінен құрықтаса, біздің құбылмалы қоғам билікті 150 пайыз қолдап шыға келетіні анық. Іс барысы солай болса, сайлауда кезекті 96-97 пайыз дауыс дайын деп есептей беріңіз. Бұл – Ертісбаевтың сөзінің ығынан шығып отырған болжам. Жалпы, Қазақстан билігінің сырттан кеңесші алуда аздаған тәжірибесі бар. Британияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр Қазақстан президентінің кеңесшісі болғаны бар. Сондықтан алдағы уақытта билік қандай да бір жолмен ауыспай, 2020 жылғы сәуірде өтуі тиіс президент сайлауына жететін болса, сайлау үшін ресми Астана Саакашвили сияқты тұлғаларды шақырып қалуы да ғажап емес. Бірақ Қазақстан билігіне Ресей ықпалының әлі де зор екенін ескерсек, Саакашвилидің реформаларына Ертісбаев секілді тамсанып қарап қана отыра беруіміз де мүмкін. Егер Ресейге салынған соңғы санкция әсері қара күзде тереңдей түсіп, Қазақстан Кремльмен бірге құрдымға кетпес үшін жанталасып өз басын арашалауға көшсе, онда ондай істің қолайына Саакашвили таптырмайтын тұлға. Біздікі болжам ғана. Бәріне уақыт төреші.

Таңатар ТАҒАН
 


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/sayasat/20508.html