"Жас Алаш" ақпарат
100-ден астам бала суға кеткен
Жас Алаш №75 (16261)   21 қыркүйек, бейсенбі 2017
10.08.2017 12:25

Қазақстанда жыл басынан бері 258 адам суға кетіп, қаза тапқан. Оның 100-ден астамы – балалар. Құзырлы органның дерегінше, көп жағдайда суға батып кетуге адамдардың «жүзе аламын» деп өзіне тым сенімді болуы себеп болады. Соңы адам өлімімен аяқталған оқиғалардың бәрі жүзу үшін арнаулы жабдықталмаған орындарда болған. Суға кеткендердің басым бөлігі – балалар мен мас адамдар, балықшылар мен рұқсат етілмеген жерде шомылғандар. Суға кеткендер ең көп мына аумақтарда тіркелген: Ертісте – 12, Есілде – 11, Сырдария өзенінде 6 адам қайтыс болса, Каспий теңізінде – 4, Қапшағай суқоймасында үш адам мерт болған. Сондай-ақ құзырлы органның хабарлауынша, жыл басынан бері 395 адам құтқарылған.
 


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/20509.html