"Жас Алаш" ақпарат
Офшорға кеткені 58,5 млрд доллар
Жас Алаш №75 (16261)   21 қыркүйек, бейсенбі 2017
10.08.2017 12:25

Өте аз мөлшерде салық төлеуге мүмкіндік беріп, жұмысына ешкім араласа бермейтін офшорлы аумақтарға баратындар бізде де жоқ емес. 2016 жылы ондай аумақтарға елімізден 4,4 млрд доллар жөнелтілсе, соңғы 10 жылда 58,5 млрд доллар ақша кеткен. Бұл қаржы елге келген инвестицияның шамамен 76,9 пайызына тең. Нидерландияға 2016 жылы 2,8 млрд доллар жіберіліп, ең көп ақша кеткен ел ретінде тіркелді. Бір қызығы, Қазақстанға ең көп қарыз берген де осы – Нидерландия. Кей сарапшылар «Қазақстаннан кеткен ақшаны кейбіреулер офшорға апарып, бізге қарыз ретінде беріп жатыр» деген болжам айтады. Ресей офшорына 667 млн доллар ақша кеткен. Соңғы жылдары түстіктегі көршіміздің арнаулы аймақтарына жасырылатын қаржы көлемі өсіп келеді. Мәселен, өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда 70,2 пайызға көп ақша кеткен. Түркия да салықтан жалтаруға тырысатын қазақстандықтарды қызықтыра бастаған. Онда аударылған ақша өткен жылы бес есе өсіп, 61 млн доллар жіберілген.
 


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/20510.html