"Жас Алаш" ақпарат
Суретке түсем деп тоққа түсті
Жас Алаш №75 (16261)   21 қыркүйек, бейсенбі 2017
10.08.2017 12:26

«Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют қаласында селфиге түсудің әуестілігі 15 жасар жасөспірімнің өмірін қия жаздады» деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Айрықша сурет жасамақшы болған Мамлют қаласының 9-сынып оқушысы ұялы телефонын алып, жоғары вольтты биік бағанға шыққан. Қас-қағым сәтте жас бала тоқ соққанын өзі де аңғармай қалған көрінеді. Құтқарушылар құзырлы органға хабар беріп, жас баланың бағанда асылып тұрғанын жеткізген. Аудандық электр қызметкерлері тез арада кернеуді ажыратып, мектеп оқушысын бағаннан түсірген. «Ол шұғыл түрде емделуге жатқызылды. Бақытына қарай, бұл жағдай баланың күйік жарақатын алумен аяқталды. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп жоқ, денсаулығы қалыпты жағдайда», – деп хабарлайды ведомство өкілдері.
 


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/20511.html