"Жас Алаш" ақпарат
Жағымсыз иіс үшін Сапарбаевтан сөз естіді
Жас Алаш №75 (16261)   21 қыркүйек, бейсенбі 2017
10.08.2017 12:27

Ақтөбе облыстық экология департаменті басшысы Жақсығали Имақұловтың айтуынша, қалада тек күкіртті сутектің ауадағы құрамы шамадан сәл асып тұр. Мұны естіген облыс әкімі ашуланып, қаладағы сасық иісті жақсырақ сезу үшін ол әлгі маманға Махамбетов ауданында тұрып қайтуға кеңес берді. «Жақсығали Исламұлы, сізді зауыттар орналасқан Махамбетов ауданына көшіру керек. Сонда бір ай бойы тұрып қайтыңыз. Содан кейін басқаша сөйлейсіз. Махамбетов ауданында жоқ дейсіз. Бірақ халықпен кездескенде мен өзім сол иісті сезем. Тұрғындардың айтуынша, олар сол иісті күнде сезеді. Бәрі дұрыс, күкіртті сутектен басқа, шамадан артық көрсеткіш жоқ деп өз-өзімізді жұбатпайық, алдамайық. Егер де бәрі дұрыс болған жағдайда онда қалада аллергия болмас еді, тұрғындар наразылық танытпас еді», — дейді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
 


zhasalash.kz
Осы ақпараттың тұрақты адресі: http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/20512.html